25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әл-Фараби»: Құрбан айт мерекесінде ұлттық ойындардан сайыс өтті (фото)

«Әл-Фараби»: Құрбан айт мерекесінде ұлттық ойындардан сайыс өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіндегі Құрбан айт мерекесінің жалғасы дәстүрлі спорттық шараларға ұласты.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан сайысқа мешіт жамағаты әдеттегідей белсене атсалысты. Мешітке мерекелік мінәжат үшін келген қала қонақтары қызықты өткен тартысты тамашалап, қатысушыларға қолдау білдірді.

Халқымыздың қанына сіңген ұлттық ойындарды жаңғырту мақсатында мешіт ауласына жиылған жамағат арасында «Арқан тарту», «Қол күресі», «Гір тасын көтеру» бойынша өзара сайыс өтті.

Айт намазына келген елордалық жұртшылық әрбір аталымға жұмыла қатысып, Құрбан айт мерекесінің мерейін асырды. Мерекелік сайыс нәтижесінде «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан үздік жеңімпаздарға бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдар мен мешіт ұжымы атынан арнайы әзірленген сый-сияпаттар табысталды.

Осылайша, Құрбан айт мейрамының құрметіне өткізілген ұлттық спорт сайысы мешіт жамағаты арасындағы ауызбірлік пен сыйластықты арттырып, өзара ынтымақты күшейтуге тағы бір себеп болды.

280623 Sport 1

280623 Sport 2

280623 Sport 3

280623 Sport 6

280623 Sport 7

280623 Sport 8

280623 Sport 9

280623 Sport 10

280623 Sport 11

280623 Sport 12

280623 Sport 13

280623 Sport 14

280623 Sport 15

280623 Sport 16

280623 Sport 17

280623 Sport 18

280623 Sport 20

280623 Sport 21

280623 Sport 22

280623 Sport 23

280623 Sport 24

ummet.kz

Бөлісу: