25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әл-Фараби»: Ораза айтта балаларға тәттілер тарту етті (фото)

«Әл-Фараби»: Ораза айтта балаларға тәттілер тарту етті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Айт мерекесінің алғы шарттарының бірі – қуаныш пен шаттық таныту. «Ақиқатында,  айт (мереке) күндерінде қуаныш пен шаттық таныту – діннің рәсімдерінен!» («Фатх әл-Бәри» 2/514.).

Айт күндері балаларға мейрамды сездіру сүннет болып саналады. Айт барша мұсылмандардың мерекесі болғандықтан, оны еңбектеген баладан еңкейген шалға дейін сезінуі тиіс.

Дін мен дәстүрді ұштастыра білген мешіт ұжымы Ораза айт мейрамына ерекше дайындалды. Ораза айт намазына ата-аналарына, аталарына ілесіп келген кішкентай бүлдіршін балаларға мешіт ұжымы тәттілер таратып, айттық ұсынды.

Қазақта «Бар жақсымыз, балаларға!», «Берсең, балаға бер!» деген сияқты даналық сөздер бар. Балаларымызға Ораза айт мейрамының рақымшылыққа, жақсылыққа, қуанышқа толы мерекелі де, берекелі мейрам екенін сезіндіру – барлық мұсылманға міндет. Таң ертемен тәттілер алып, мәз болған балақайлардың жүздері бал-бұл жанып, кезекпен рақмет айтып, ризашылықтарын білдірді.

210423 Aittyq 1

210423 Aittyq 2

210423 Aittyq 3

210423 Aittyq 4

210423 Aittyq 5

ummet.kz

Бөлісу: