25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әл-Фараби»: Қадір түнінде 400 адамға ауызашар мен сәресі берілді (фото)

«Әл-Фараби»: Қадір түнінде 400 адамға ауызашар мен сәресі берілді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Қадір түніне жиылған жамағаттың қарасы көп болды. Алла Тағаланың разылығынан үміт еткен жамағатты мешіт ұжымы үлкен ықыласпен қарсы алды.

Алдымен ақшам намазынан кейін 250 кісіге тегін талондар беріліп, мешіт жанындағы «Мұмтаз» мейрамханасынан ауызашар берілді. Сондай-ақ, дайын тағамдар салынған Рамазан қорапшалары үлестірілді. Жамағатпен оқылған үтір намазынан кейін мешітке жиылған көпшілікке сәресі беру жағы да назардан тыс қалмады. 150 кісіге арналған Рамазан қорапшалары табыс етілді.  Айта кетейік, бір ай бойы мешіт жанынан берілген ауызашар дастарханына демеуші азаматтар мұрындық болды.

Таң намазы оқылғаннан кейін мешітте Қадір түнін қарсы алған жамағат үйлеріне тарасты. Мешіт жамағаты «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ай бойы оқылған Құран хатым мен тарауық намазына ризашылықтарын білдіріп, имамдарға алғыстарын білдірді.

AyyzasharSaresi 1

AyyzasharSaresi 2

AyyzasharSaresi 3

AyyzasharSaresi 4

AyyzasharSaresi 5

AyyzasharSaresi 6

AyyzasharSaresi 7

AyyzasharSaresi 8

AyyzasharSaresi 9

AyyzasharSaresi 10

AyyzasharSaresi 11

AyyzasharSaresi 12

AyyzasharSaresi 13

AyyzasharSaresi 14

AyyzasharSaresi 15

ummet.kz

Бөлісу: