25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мүмкіндігі бола тұра құрбан шалмаудың үкімі

Мүмкіндігі бола тұра құрбан шалмаудың үкімі

Құрбан Айт
Жарнама

Пайғамбарымыз  (с.ғ.с): «Кімде-кім мүмкіндігі бола тұра құрбандық шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!», - деген.

Бұл хадисте құрбан шалуға мүмкіндігі бола тұра, құрбан шалмағандар мешітімізге келмесін деп ескерту жасауы бұл істің маңыздылығын әрі ақыретте сұралатындығын білдіруде. Сондықтан Алла елшісі шамасы жете тұра құрбан шалмаған адамның дүниеде намаз оқитын жерге жақындауын қаламаған болса, ақыретте жанында тұрғанын қаласың ба?

Ханафи фиқһ ғалымдары бойынша құрбан шалу уәжіп болғандықтан, шамасы жеткен адам құрбан шалмаса күнәһар болады. Ал Имам Малик пен Имам Ахмедтің көзқарасы бойынша құрбан шалу уәжіп емес – сүннет. Сондықтан, құрбан шалған адам сауап алады, шалмаған сүннет сауабынан құр қалған болып ақыретте сұралмайды. Ал Шафиғи мәзһабында құрбан шалу тәрк етуге болмайтын бекітілген сүннет делінген.

материал «Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: