24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алла әйелдердің қайғысын неліктен қаламайды?

Алла әйелдердің қайғысын неліктен қаламайды?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Құранның бірнеше аятында Алла Тағала әйелдердің жүрегін тыныштандырып, олардың қайғысын жеңілдетуге ерекше мән береді:

 «Көзінің қуанышы болсын және қайғырмасын» («Қасас» сүресі, 13-аят);

«Көздері қуанып, қайғырмасын» («Азхаб» сүресі, 51-аят»);

«Қайғырма»  («Мариям» сүресі, 24-аят);

«Қорықпа және қайғырма»  («Қасас» сүресі, 7-аят).

Бұл аяттар әйелдердің табиғатына сәйкес қайғыны жеңілдетудің маңыздылығын көрсетеді. Өйткені әйелдер нәзік әрі сезімтал, ал қайғы олардың ішкі әлеміне терең із қалдырады.

Ғылыми тұрғыдан: Қайғы әйелдің денсаулығына үлкен әсер етеді, әсіресе гормоналды жүйесіне: Кейбір әйелдер қайғыдан кейін бала көтере алмай қалады. Шаштары түсе бастайды. Түсік тастау жағдайлары орын алады. Бет-әлпеті солғын тартып, әлсіздік байқалады. Қайғыдан жүрегі сыздап, өмірден өтетіндер де бар.

материал «Бақытты әйелдің сыры» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: