25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Білімді аналар қызы 12 жасқа толған кезеңде не істеуі керек?

Білімді аналар қызы 12 жасқа толған кезеңде не істеуі керек?

Исламдағы отбасы
Жарнама

«Білімді әрі түсінігі мол аналар қызы 12 жасқа қараған кезеңде не істеуі керек?»

Бұндай кезеңде білімді, түсінігі мол аналар қызына етеккір туралы айтуы тиіс. Ол үшін қызымен сырласып, оған етеккір уақытының жақындағанын, етеккір кезінде зәр жолынан қан келетінін, болашақта ана болатын әрбір қыз бала үшін бұның қалыпты құбылыс екенін, қорықпауды, жүктілік пен босанғаннан кейінгі уақытты қоспағанда, бұндай жағдай 45-50 жасқа дейін жалғасатынын, жүйелі түрде әр ай келетін құбылыс екенін, өйткені Алла әйелдерді осындай ерекшелікте жаратқанын, бұның астарында небір иләһи мақсаттар барын, осындай етеккір көрген кездері тазалыққа ерекше көңіл бөлу керектігін жақсылап түсіндіруі тиіс».

«Ана өзінің бұндай міндетін атқармаса не болады?»

«Қараңғы екенін не қызына жаны ашымастығын байқатады. Бұған қоса, қызының өмірде жасық, тұйық, ашушаң, солғын болуына себеп болады».

«Егер анасы қызына кеңес бере алатындай деңгейде өзі білмесе не істеуі керек?»

«Ардақты Пайғамбарымыз бір хадисінде «Ілім үйрену – әрбір әйел, еркек мұсылманға парыз» деген. Осы хадис бойынша мұсылман әрбір ана осы мәліметтерді білуге мәжбүр. Алайда осы жерде айта кеткен жөн, бұл мәселеде қыз балаларға өзіне керекті мәліметтерді үйретуде, оларды жан-жақты сауатты етуде мектептің де жауапкершілігі жоқ емес.

материал «Сүннет энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: