27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Туысқандармен жақсы қарым-қатынас – өмірді ұзартады

Туысқандармен жақсы қарым-қатынас – өмірді ұзартады

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ажалдың уақыты ешбір себеппен өзгермейді. Ал Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Туысқандармен жақсы қарым-қатынаста болу – өмірді ұзартады» деген мағынасындағы хадисіне Ислам ғұламалары екі түрлі түсінік берген:

1. Ғұмыры мол сауап, қайырлы амалдармен берекеттеніп, аз уақытта бейне бір көп уақыт өмір сүргендей болады.

2. Алла Тағала мұндай құлдарының жақсылық жасайтынын алдын ала әзали ілімімен білгендігі үшін ол құлының өмірін әу баста ұзақ етіп тағдырына жазған.

Алла Тағала Құранда: «Әр әлеуметтің белгілі бір мерзімі бар. Олар, сол мерзімі келген сәтте, бір дем кешікпейді де ілгерілемейді» дейді («Әл-Ағраф» сүресі, 34-аят). Алайда, «өмірін ұзартады» сөзі келесіні білдіреді: адам бұл өмірмен қош айтысса да, туысқандармен жақсы араласқаны үшін сауап алуды жалғастырады.

Қорыта айтқанда, иман негіздеріне сену – әрбір адам баласы үшін парыз. Себебі, Ислам – күллі адамзат пен жын атаулыға жіберілген соңғы дін.

материал «Ислам ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: