26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Толық хабар алушы

Толық хабар алушы

Бір аят тәпсірі
Жарнама

 إِنَّ رَبَّهُمْ بِهِمْ يَوْمَئِذٍ لَخَبِير–  «Сол күні Раббылары олар жайлы толық хабар алушы».

 Әлемдердің Раббы Өзінің нығметтеріне  көрсоқырлық  қылған  адамдардың  не істегендерінен, әлбетте хабары бар. Ешбір нәрсесінен бейхабар емес[1]. Жан дүниесі мен сыртын түгелдей әу бастан-ақ біледі. Дәл сол күні барлығын өздеріне сездіреді. Олар ұмытқанмен, Ол біледі.

Алла Тағала адамның әрбір жасаған амалдарының артындағы жасырын ниеттері мен еріктерін әу бастан біледі. Міне, соған қарай жаза немесе сый-сияпат береді.

Сондай-ақ, осы аяттың сөздерінен тек Алла Тағаланың білгеніне бола үкім берілмейтіндігі аңғарылады. Аллаһ Тағала  адамдардың  ерік  пен  ниеттерін  бұрыннан-ақ білсе  де,  қиямет  күні  осы  жасырын  ниеттері  сыртқа шығарылып, паш етіліп, әділдік таразысымен тартылып, жақсы-жаман екендігі анықталады.

Ал,  аяттағы «Сол күні Раббылары олар жайлы толық хабар алушы» деуі сол күні ғана хабары болады деген сөз емес. Керісінше, сол күні амалдарының қарымы  қайтарылады  деген  ұғым.  Алла  Тағала қорқыту мақсатымен айтқан. Болмаса Ол олардың сырларын сол күні де, бүгін де біледі[2].

«Мәңгілік мұғжиза» кітабынан


[1] Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 510-бет.

[2] Толығырақ тәпсір үшін қараңыз: әр-Рази. әт-Тәфсирул-Кәбир, 32-том, «Адият» сүресі.

Бөлісу: