26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Өміріңнің соңы жеткенше

Ғибратнама
Жарнама

Бірде Аббаси халифаларынан болған Мамун ислам ғалымдарымен фиқһи мәселелер бойынша әңгімелесіп отырады. Осы сәтте көкесі Ибраһим бин Мәһди ішке кіріп келеді.

Мамун ол кісі жайғасқаннан кейін:

-Көке мына ғалымдардың айтқанына сіз не айтасыз? – дейді пікірін білмек болып. Көкесі:

-Ей, мүміндердің басшысы! Өзің білесің, бала кезімізде бізді біраз дүниелің істермен байлап тастады. Ал енді қартайған шағымызда біз өзімізді басқа нәрселермен әуре қылып қойдық. Осылай жүріп ілім дегеннен мақұрым қалдық, - дейді. Мамун сауалын онан әрі жалғап:

-Ал, қазір білім алуыңызға не кедергі? – дейді.

-Ау, мына біз секілді қартайған адамға енді оқыған жараса ма? – дейді көкесі бауырына оң жауап берген кейіп танытып.

Мамун көкесінің мына сөзіне көңілі толмай: «Иә, Алланың атымен ант етейін білім жолында жүріп өлу – надандыққа қанағат етіп өмір сүргеннен де қайырлы, - дейді. Бауырының сөзі сүйектен өткен болса керек.

-Маған қашанға дейін оқыған жарасады? – дейді көкесі Ибраһим бин Мәһди. Сонда Мамун еш тапжылмастан:

-Өміріңнің соңы жеткенше, - деп көкесіне жауап берген екен.

 

«ummet.kz» рухани ақпараттық порталы

Бөлісу: