25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Несібе дұғамен келе ме?

Несібе дұғамен келе ме?

Ғибратнама
Жарнама

Бір кісі қатты күйінген күйі Имам Садыққа (а.с.) келіп:

– Кедейшіліктің зарын тартқан мендей-ақ болар. Көбірек рызық берсін деп Аллаға дұға етіңізші? – депті жалынып.
Сонда Имам тұрып: – Жоқ! – депті, – саған ешқашан да бұндай дұға ете алмаймын!
Әлгі кісі күтпеген бұндай жауапты естігенде: – Неге? – деп сұрапты.
Сонда Имам Садық:
– Бұл мәселеде Алла Тағаланың өзі жол көрсетпеді ме? «Рызық-нәсібелеріңді жатпай-тұрмай іздеңдер, табыңдар!» деп бұйырмады ма? Ал сен болсаң үйде жатып алып дұға жасай салып рызық-несібем маған өзі келсін дейсің. Осы да жөн бе?! – деп ұялтқан екен.

материал «Тағылым тамшылары» кітабынан алынды,

ummet.kz 

Бөлісу: