25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ертеде бір жігіт болыпты, күнделікті өміріне жеткілікті байлығы бар және өзінің ерекше жақсы көретін сандығы болыпты. Ол сандықтың ішініе бағалы заттары мен алтын, күмістерін сақтайды екен.

Саңлақ сахаба хазірет Әбу Бәкір (р.а.) бірде жалғыз жаңғаққа таласып, бір-бірімен төбелесе жаздаған екі баланы ажыратып: «Осы бір жаңғаққа бола таластыңдар ма, әкеліңдер, екеуіңе теңдей етіп бөліп берейін», – дейді.

Ертеде бір шаhарда мейірімді, дана қарт өмір сүріпті. Күндердің күнінде саудагерлер сату үшін шаһарға темекі алып келіпті. Шаһар тұрғындары бұрын көрмеген тауарды қызық көріп, саудагерлерді қаумалап қоршай алады. Саудагерлер:

Отыз жыл ораза ұстаған адам бiрде құдық басына келiп, су алу үшiн кезекке тұрады. Ол кезек қанша үлкен болса да, таласып-тармаспай сабыр сақтап тұрғанда, кезектiң соңғы жағынан бiреу айқайға басып:

Бір жас жігіт Қағбада «Ей, дұрыстардың көмекшісі болған Аллаһым! Ей, харамдардан сақтанғандардың көмекшісі болған Аллаһым саған шүкір етемін!» деп қайталай береді. Біреу келіп «неге қайта қайта бір дұғаны қайталай бересің, одан басқа ешнәрсе білмеймісің?» деп сұрайды. Оған былай деп түсіндіреді:

- Тілдесуге небәрі 20 минут уақытыңыз бар.

- Рахмет. Конвой, сөзімнен сөкеттік көрмесеңіз,  бізді оңаша қалдыра тұрсаңыз екен,- деп кезекшінің жүзіне бақұл әрекетті күткендей телмірді. Түрме ішіндегі шендінің шығысымен бөлме іші аздап есеңгіреп қалғандай үнсіздікке көмілді.

- Хәлің қалай, досым?

- Аллаға шүкір, жақсымын.

Құраннан дәріс оқитын тәлімгер оқиғасынан

Жаныма келген жеткіншектің құран үйірмесіне талап білдіргелі келгенін көзінен аңғардым. Сөйттім де: «Сен Құраннан бір аят болса да жатқа білесің бе?» деп сұрадым. «Білемін» дегендей ишарат білдірді. «А’мма» сүресінің (30 параның соңы) бір бөлігін оқып беруін  өтінгенімде әп-сәтте оқып берді. Содан «Тәбәрак» сүресін (29 пара) сұрадым.

Он екі мүшеміз сау бола тұра біз көп жағдайда өзгелерге қол ұшын беруге, көмектесуге келгенде немқұрайлылық танытамыз. Ал егер басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса, тіпті де өзімізді дәрменсіз есептеп, өзгелердің бізге көмек беруін міндет деп білеміз. Негізінде, бұл – рухани әлсіздіктің белгісі.

Мәдиналық мұсылмандардың ішінде Сағлаба атты сахабаның дүние-мүлікке, байлыққа деген құштарлығы ерекше болатын. Жатса да, тұрса да «бай болсам мына жетім-жесірлерге, мұқтаж болғандарға көмек берер едім» деп бар аңсарының соған ауғаны соншалық, ойлай-ойлай шақшадай басы шарадай болып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылды. Ақыр соңында шыдамаған ол сүйікті Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп:

Бірде хазіреті Әлиге он шақты яһуди келіп бір сұрақ берейік, егер ол шын саңлақ болса, он түрлі жауап тауып сөйлер деп сынамақшы болады. Сонымен күндердің күнінде әлгі яһудилер хазіреті Әлиге: