28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Аралар ең соңғы технология саналатын компьютерден де жылдам

Мақалалар
Жарнама

Аралардың ең соңғы технология саналатын компьютерден де жылдам жұмыс істейтіні анықталды. Аралардың жұмыс істеуін компьютермен салыстырған зоологтар ғажайып мәліметтерге қол жеткізді. Ең соңғы технологиямен жасалған компьютер секундта 16 миллиард арифметикалық амал жасаса, күніміздегі аралардың осы мерзім ішінде аз ғана энергия жұмсап 10 тириллиондық амал жасайды.

Бір гүлден екінші гүлге қонып өсімдіктердегі ұрықтануда маңызды рөл атқаратын араларға байланысты ғажайып мәліметтерге қол жеткізген мамандардың зерттеу нәтижесінде, 1 кг бал өндіру үшін жер шарын 6 рет айналатындай ұзақтыққа ұшатын аралардың 7 миллион 500 мың рет гүлге қонатындығы белгілі. Аралардың 28 гр бал үшін ара ұясымен гүл арасында 1600 рет барып келетінін тіркеген зоологтар араның гүлдер үшін керек болса, ұясынан 6 километрге дейін ұзап кететіндігін және бір күнде 225мың гүлге қонады. Сондай-ақ 500 гр бал үшін 900 ара 1 күн жұмыс істесе, 1 ара 25 минутта 50 гүлге қонады екен.

Жұмыртқалау кезеңінде ара сүтімен қоректенетін аналық араның өз салмағынан 80 есе ауыр ара сүтін тұтынатындығы және күніне 2 мың жұмыртқа тастайтыны анықталды. Өз салмағынан 330 есе ауыр жүк арту қабілетіне ие болған аралардың салған алты бұрышты ұясы ең аз балауыз жұмсап, максимум мөлшерде бал жинауға ең қолайлыпішін екендігі белгілі болды.

 

Ummet.kz

Бөлісу: