26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қу дүниенің мысалы

Мақалалар
Жарнама

 

Дүниенің мысалы

Жалт-жұлт еткен пәни дүниенің қызығына беріліп, ақыретке дайындығын ұмытқан адамның мысалы жыртқыш аңнан қашып келе жатқан, бір ағаштың бұтағына өрмелеп шыққан кісі тәрізді.

Әлгі кісі төменге қараса шұңқырды көреді. Оған құласа – бітті, ішінде аузын айқара ашып, жұтуға әзір ірі жыланды байқайды. Содан соң, жоғары жаққа зер салып, өзі ілініп тұрған бұтақтың түбіне қараса, қара және ақ түсті екі тышқанды көрді. Ол екеуі бұтақты үздіксіз кеміруде. Енді жан-жағына айналып бұрылса, қол созым жерде балға толған араның ұясы тұр. Балдан ауыз тиеді. Балды ұнатқандығы соншалықты өз-өзін тежей алмай жегеннің үстіне жей түсіп, өзін жұтып жібергелі тұрған шұңқыр мен түбіне жетер екі тышқан естен шығады, тарс ұмытты. Бұл мысалдағы шұңқыр адамды күтіп тұрған – қабірі, ал ақ және қара түсті екі тышқан адамның өмірін азайтып, күндерін кеміріп, тауысқалы жатқан – күн мен түн. Ұядағы бал – осы дүниенің ләззаты екен. Ал, парасатты адам шахуаттарға берілмей, атойлаған нәпсісін тізгіндеп ақыл мен арының алдында есеп береді.

Әнәстан (р.ғ) жеткен хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с):

حُفَّتِ الْجَنَّةُ بِالْمَكَارِهِ وَحُفَّتِ النَّارُ بِالشَّهَوَاتِ

«Жәннәт – қиындықтармен қоршалған, тозақ – әуестік-құмарлықтармен (шахуаттар) безендірілген» дейді. (Хадисті имам Муслим риуаят етті).

 

Демек, жұмаққа жету – жеңіл жол, оп-оңай олжа емес! Осы жолда нәпсі қаламайтын қиындықтар, әлбетте, жетерлік. Шынайы бақыт ізгі амал мен салихалы істер жасаумен, тер төгіп, сынақтарға сабыр қылумен бұйыратын бақ.

Нұрлан Рамазанов

«Нұр Астан» орталық мешітінің наиб имамы 

Бөлісу: