25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Отбасы бақыты

«Отан отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Жылдар бойғы жиған тәжірибесін, ғасырлардан алған ғибратын екі-ақ ауыз сөзбен түйіндеп үйренген данышпан халқымыздың осы бір сөзінде батпандай ауыр салмақ, бай мағына жатқандай.

Алла Елшісі ﷺ мақтаған ізгі сипаттар

Алла Елшісінен (с.ғ.с.) үлкен сауапқа ие болатын әр түрлі ізгі амалдар туралы хадистер келтіріледі. Аталмыш хадистер арқылы ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз үмметін жақсылықа шақырып, жамандықтан тыйған болатын. Алайда, Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) кейбір жекелеген хадистерде «адамдардың ең жақсысы» деген абыройлы атаққа ие болатын  момын-мұсылманның бойында табылу керек болған ізгі сипаттар туралы ерекше атап өткен. Ол қандай сипаттар?

Абай. Ақида. Ақиқат.

Қазақ халқының кемеңгері Абай Құнанбайұлы – ақын ғана емес, Ислам дінін терең түсінген теолог ғалым. Ол – адамзаттың алтын қорына қазақ елінің атынан өз үлесін қосқан ғұлама. «Отанды сүю – иманнан» деп, елін-жерін шын қастерлеген отаншыл кемеңгер. Халқының рухани өсуін армандап өткен ол қайтсем кемшілігін түзеймін деп жұртын адал еңбекке, ғылым-білім үйренуге үндеді.

Абай және Гаспыралы: жәдитшілдік мұрасы

Сахарада туып, «соқтықпалы, соқпақсыз» жерде өскенімен соны сүрлеу салып, сансыраған сананы сілкіндіріп, қазақтың қадірлісіне ғана емес, адамзаттың ардағына айналған Абайдың мұрасы – көнермейтін көмбе, өшпейтін өнеге, сарқылмайтын қазына. Сондықтан ескінің соңы, жаңаның басы болған Абай қашанда Алаштың аспанында туған айдай жарқырап тұрады. Арнайы «Абай күнін» белгілеп, ұлы данышпанның 175 жылдығын бүкіл ел болып атап өтіп жатқанымыз соның айғағы.

Обаны қайтаратын 7 аят

Түбі бір түркі жұртының руханиятына айтарлықтай үлес қосқан рухани ұстаздың бірі – Бекасыл Биболатұлы. Сайрам, Қарнақ, Тәшкен, Самарқан, Бұқара медреселерінде білім алды. Елге оралған соң, медресе ашып, бала тоқытты. Қазақтың діни қайраткерлерінің біріне айналды.

Журналист этикасы немесе шариғат нормасы

«Қаламға және қалам иелерінің жазғандарына серт!» («Қалам» сүресі, 1-аят).

Алла Тағаланың қаламға берген қасиеті сондай, қанша заман өтсе де, ғылым, технология дамып, жазу тәсілдері өзгерсе де, қаламның адам өміріндегі маңызы жоғалған емес.