25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сахабалардың жалпы саны

Ислам жұлдыздары

Пайғамбарымыз көз жұмған уақыттағы сахабалардың жалпы саны жайлы мәлімет жоқ десек те, Ислам тарихына байланысты жазылған классикалық кейбір еңбектерде жүз мың сахабаның болғандығы айтылған.

Мысалы, қоштасу қажылығына 40 мың, Тәбук жорығына 70 мың сахабаның қатысқандығы жайлы Ислам тарихына байланысты шығармаларда мәліметтер бар. Имам Шафи’и Пайғамбарымызды (с.а.с.) көріп, одан хадис риуаят еткен сахаба санының 60 мың болғандығын айтады. Меккені алғанға дейін қайтыс болған сахабаларданөзге, Меккенің алынуы кезінде сахабалар алыс жақтарға тарап кеткендіктен олардың есімдерінің көбі кейінгі ұрпаққа жетпеген. Сахаба есімдерін шығармасында ең көп көрсеткен ғалым – Ибн Хажар. Ол «Исаба» атты еңбегінде 11 783 сахабаның атын атайды.   

Бөлісу: