25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Спорт әлеміндегі орамалды арулар

Спорт әлеміндегі орамалды арулар

Ислам жұлдыздары

Танымалдығы мен иманы қатар келе жатқан шариғат шәлісіндегі әйелдерден кімдерді білесіз?! Назарларыңызға әлемдік спорт аренасында өнер көрсетіп жүрген орамалды аруларды ұсынамыз.

Roqaya_Al-Gassra.jpg

Бахрейна Рукайя Аль-Гасара – Мысыр елінің танымал спортшысы, 200 метр қашықтыққа жүгіруден олимпиада ойындарының алтын алқа иегері. Ол өзі қатысқан барлық олимпиада ойындарына арнайы тігілген «хиджуд» деп аталатын жабық киім үлгісімен қатысып келеді.

«Менің орамал тағып қатысқан әрбір сайысымнан басқа елдің спортшы қыздары да рух пен күш алады деп ойлаймын. Себебі, ислам діні спортта да өзінің биік дәрежеде екенін көрсетуі керек!», -  дейді Бахрейна Рукайя Аль-Гасара.

2.jpg

Захра Лари – Біріккен Араб Әмірлігінің ең танымал спорт жұлдызы. 20 жасар Захра қысқы олимпиада ойындарына орамалмен қатысқан тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы. Оны өз елінде «Мұз ханшайымы» деп атайды. Захраның осы спорт түріне келуіне де «Принцесса льда» фильмі қатты әсер еткен екен. Басқа елдің мәнерлеп сырғанаушылары бұл спорт түріне 4-5 жасында келсе, Захра 11 жасынан бастап айналысқан.

«Біздің елде әйелдер қауымына спорт түрімен айналысуына басқа елдердегідей еркіндік бола бермейді. Мәнерлеп сырғанаудан тіптен спортшы жоқ десем де болады. Бірақ, бұл қадамды алғаш болып мен жасадым. Ал, елдің алдына орамал тағып шығуым бұл ерекшелік қана емес, менің ислам дініме деген құрметім. Халқым менімен бірге, мен орамалыммен біргемін...», - дейді Захра Лари.

4.png

Кубра Дагли – Стамбулдан шыққан таэквондо чемпионы. Былтыр ол Лимадағы WTF әлем чемпионатында Пумса секциясында жеңіске жетті. Кубра бұқаралық ақпарат құралдарына берген әр сұхбатында айтқандай, көптеген чемпиондарға тән еңбек пен өзіне деген сенімділік қана емес, сонымен бірге Аллаға деген сенім, құдіреттің бұйрықтарын бұлжытпай орындауға деген ұмтылыс оған жеңістерге жетуге көмектеседі. Ол барлық жарыстарда хиджаб киеді. Алайда зайырлы Түркияда көпшілік Кубраны айыптайды. Дагли сынды елемеуге тырысады. Ол бірнеше сұхбатында кемсітушіліктің кез-келген түріне қарсы екенін және хиджаб кию құқығын таэквондомен кәсіби түрде айналысқан кезде қорғайтынын мәлімдеді.

129.jpg

Ибтихадж Мухаммад  – АҚШ-тың 30 жасар ең үздік семсерлесуші әлем чемпионы. Мухаммад 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін олимпиада ойындарына орамалмен қатысатын жалғыз американдық семсерлесуші.

«Мені алда өтетін олимпиада ойындарында семсерлесуші деп таныстырғанда көрерменнің менен мұндайды күтпейтіні анық. Олимпиада ойындарына алғаш рет осылай орамал тағып қатысу арқылы ислам дінінің күнделікті өмірге де, спортқа да, алға қойған мақсаттарға да еш кедергісі жоқ екенін білдіргім келеді...», - дейді Ибтихадж Мухаммад.

36o9ummy1snq6tmj0gno_17017.jpg

Хатиб Рахаф – бұл жүгіруші ару Мичиганда тұрады, үш баласы бар. Ол сириялық Дамаскіден шыққан босқын. Рахаф бір жасқа толмаған кезде, анасы баласымен бірге Америкаға қоныс аударды. Мектепте оқып жүргенде ол жүгіруді байыпты қолға алды, бірақ отбасылық өмір үшін спорттан қалыс қалып, үзіліс жасады. Үш баласы өскен соң, Рахаф спортқа қайта оралды. Хатиб ірі марафондарға қатысады. Оның мансабындағы ең маңызды сәт - бұл жыл сайынғы әлемдегі ең көне және біліктілігіне байланысты ең беделді Бостон марафоны. Рахаф кәсіби спортшы болмаса да, Бостон марафонын 5 сағат 13 минутта сәтті өткізді.

Жарыс алдында ол әлеуметтік желідегі парақшасында: «Алла мені мұнда бір себеппен әкелді. Бұл мен үшін мәртебе, және мен бұл керемет тәжірибе болатынын білемін. Мен үмметке (дүниежүзілік мұсылман қауымдастығы) пайдалы нәрсе жасағым келеді» деп жазды.

7.jpg

Кульсум Абдулла – америкалық ауыр атлетикамен айналысатын орамалды ару. 2010 жылдан бері жарыстарға қатысып келеді. Содан кейін хиджабтың кесірінен діндар мұсылман әйелге ұлттық чемпионатқа қатысуға тыйым салынды, бірақ бір жылдан кейін ол ережені өзгертті. Ол әлем чемпионатына қатысты. Абдулла рухы жағынан да, физикалық жағынан да мықты: ол көтерілісте 111 кг және еденнен 47,5 кг көтеріп, басынан жоғары деңгейге көтерді. Айтпақшы, бұл қыз спортшы ғана емес, ақылды да. Белсенді оқумен қатар ол инженерлік дәрежеге ие болып, ғылым кандидаты атанды.

 1030635281.jpg

Фейсти Сафия Сид – ұлыбританиялық жас боксшы қиын сынақтан кейін спортқа келді. 18 жасар қыз булимия мен анорексиядан туындаған сирек кездесетін аурумен ауырды. Осыған байланысты жас Фейсти екі жыл төсек тартып жатып қалды. Ойлануға көп уақыт болды, ал қыз өзінің өмірінде жасағысы келетін істердің тізімін жасауға шешім қабылдады. Сафия жағдайы жақсарған кезде алдымен боксқа жазылды. «Бокс мені жақсы күйде ұстайды және мені бақытты етеді. Мен спортты жақсы көремін. Алғашында мен хиджаб кигеніме алаңдадым. Алайда жаттығу залында ешкім оған мән берген жоқ, керісінше мені қолдады», - дейді Фейсти.

Дәл осы бокспен айналысу мен хиджаб кию Фейстидің өмірге деген құштарлығын қайта оятты. «Егер сіз бірдеңе жасағыңыз келсе, сізге ешкім де, ештеңе де кедергі бола алмайды!» - дейді орамалды ару.

Алласын танып, тәубесіне келген, шындықтың не, жалғанның не екенін білген, орамал тағып, жабық киінген әлемдік спорт аренасындағы осындай орамалды аруларымызға Алла разы болсын!

Материалды аударып, дайындаған: ummet.kz

Бөлісу: