25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ораза – Алланың құлдары жеңіске жететін күн

Ораза – Алланың құлдары жеңіске жететін күн

Ораза

Оразаның арқасында шайтан әскерлері пенделерді азғыра алмай жеңіліп, Алланың шынайы құлдары жеңіске жететін күн.

Пенденің тұла бойы небір күнәларға түсіп қалудан сақтанып, нәпсіқұмарлыққа жол берілмейді. Шынтуайтында, адам көп тамақтанса, нәпсі семіреді. Ал аштық келсе, бейшара күйге түседі. Жаман нәрселерді ойына да алғысы келмейді. Барлық дене мүшелері жиіркенішті іс-әрекеттерден тиылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ораза жамандықтан сақтайды», – дейді. Яғни пендені күнә жасау мен тозақ отынан аман қалдырады. Алла елшісі (с.ғ.с) тағы бір сөзінде: «Ораза – күнәдан сақтану мен тозақ отынан қорғану», – деген (Ахмад).

Өзге бір риуаятта: «Ораза – күнә атаулыдан сақтап, пендені тозақ отынан қорғайтын берік те мықты қамал», – делінген. Ораза – адам үмітінің орындалуы мен дұғаның қабыл болуына себепші. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Расында, үш адамның Аллаға жасаған дұғасы қайтарылмайды. Олар: ораза ұстаған адам, зұлымдыққа ұшыраған пенде, мүсәпір сапарынан қайтпайынша жасаған дұғасы қабыл болады», – дейді (әл-Бәззар).

материал «Ораза» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: