01
Жұма,
Қараша

һижри

Иғтикәф мәселесіне қатысты хадистер

Ораза

 Әбу Сағид Әл-Худри (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) алдымен Рамазан-ның бастапқы он күнінде, содан соң екінші он күндігінде иғтикәф етті.[1]

Кейін иғтикәф етіп жатқан шатырдан басын шығарып: «Мен Қадір түнін іздеп Рамазанның бастапқы он күнінде, содан соң екінші он күндігінде иғтикәф еттім. Кейін маған Қадір түні Рамазанның соңғы он күндігінде екені айтылды. Осы себептен менімен бірге иғтикәф еткендер соңғы он күндікте де иғтикәф етсін. Маған Қадір түні көрсе-тіліп,[2] кейін ұмыттырылды. Мен өзімді келесі күннің таңер-теңінде балшыққа сәжде етіп жатқанымды көрдім. Сондық-тан Қадір түнін Рамазанның соңғы он күндіктің тақ түндерінде іздеңдер»,-деді.[3] Сол түні жаңбыр жауып, құрма талдың жапырақтарымен жабылған мешіттің төбесінен су өтті. Кейін Рамазанның жиырма бірінші жұлдызында таңертең мен өз көзіммен Расулуллаһтың (солләл-лаһу ғаләй-һи уә салләм) маңдайында балшықтың ізін көрдім».

Хадисті Әбу Сағид Әл-Худриден (родиял-лаһу ғанһу) Имам Бухари, Имам Муслим, Имам Малик және Имам Ахмад риуаят етті.[4]

Ибн Аббас (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) иғтикәф етушіге қатысты: «Ол күнәдан аман болады. Әрі оған барлық ізгі амал етушілерге жазылған сауап жазылады»,-деді».[5]

«Ибн Аббас (родиял-лаһу ғанһу) Расулуллаһтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мешітінде иғтикәфта болатын. Бір кезде бір адам келіп, онымен сәлемдесіп жанына отырды. Ибн Аббас (родиял-лаһу ғанһу): «Уа, пәленше! Сені уайым басқан халде көріп тұрмын»,-дегенде, ол: «Уа, Расулул-лаһтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бауыры! Иә, менің біреуге беретін қарызым бар еді»,-деп, кейін Расулуллаһтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) қабіріне сілтеп: «Мына қабірдің иесімен ант етемін! Мен ол қарызды қайтара алмаймын»,-деді.

- Қарыз иесімен сен жайында сөйлесейін бе?

- Қаласаңыз сөйлесіңіз!

Осыдан соң Ибн Аббас (родиял-лаһу ғанһу) аяқ киімін киіп мешіттен шыққан сәтте әлгі адам: «Сіз ғтикәфтіңңіз жайында ұмытып кетпедіңіз бе?»,-деп сұрады. Сонда Ибн Аббас (родиял-лаһу ғанһу): «Жоқ. Алайда мен мына қабірдің иесінен жақында бір сөз естіген едім»,-деп көзіне жас алды. «Біреу бауырының қажетін өтеу үшін шыққаны, ол үшін он жыл бойы иғтикәф еткеннен абзал. Ал кім Хақ Тағаланың разылығы үшін бір күн иғтикәф етсе, Алла Тағала тозақ пен оның арасында ені жер мен аспанның арасындай үш ор жаратады»,-деді».[6]

Хадисті Ибн Аббастан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Табарони, Имам Әл-Байһақи және Имам Әл-Хаким риуаят етті.[7]

Ибн Аббас (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Мен Расулуллаһтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай дегенін естідім: «Жәннат жыл бойы Рамазан үшін әшекейленеді. Кейін Рамазанның бірінші түнінде Хақ Тағаланың аршы-сының астынан «Мусира» деп аталатын жел еседі. Оның лебінен жәннаттағы талдардың жапырақтары мен жәннат есіктерінің тұтқалары, сол кезге дейін ешкім естімеген әсем дыбыспен сылдырлай бастайды. Кейін жәннаттағы ботакөз хор қыздары жәннаттың балкондарына шығып: «Алла Тағала бізді онымен некелейтіндей пенде бар ма?»,-дейді. Кейін жәннаттың сақшысы Рид`уаннан: «Бүгін қандай түн?»,-деп сұрағанда, ол: «Әміріңе құлдық! Бүгін Рамазан айының бірінші түні. Бұл түні Мухаммад (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үмметінен ораза ұстағандар үшін жәннаттың есіктері ашық»,-дейді. Сол кезде Хақ Тағала: «Уа, Рид`уан! Мухаммад (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үмметінен ораза ұстағандар үшін жәннат есіктерін аш! Ей, періште! Ахмадтың (с.ғ.с.)[8] үмметінен ораза ұстағандар үшін жаһаннам есіктерін жап!»,-деп, кейін: «Уа, Жәбрәил (ғ.с.)! Жерге түсіп, бүлікші шайтандарды кісендеп, кісендерін мойындарына іл. Кейін сүйікті құлым Мухаммадтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үмметінің оразасын бұзбау-лары үшін теңізге таста»,-деп бұйырады. Алла Тағала Рама-занның әр түнінде жар салушыға үш рет: «Менен қажетін сұрайтын бар ма? Сұрағанын берейін. Тәубеге келуші бар ма? Тәубесін қабыл етейін. Кешірім сұрайтындар бар ма? Оны кешірейін. Еш нәрсеге мұқтаж болмаған және алғанын толық қайтаратын дәулеттіге қарыз беретін бар ма?»,-деп жар салғызады. Хақ Тағала Рамазанның әрбір күні ауызашар сәтінде тозаққа лайық болған мыңдаған пендесін тозақ отынан азат етеді. Ал Рамазанның соңғы күні тозақтан Рамазан бойы азат еткендей санын азат етеді. Қадір түні Алла Тағала Жәбрәилге (ғ.с.) періштелердің бір жамағаты-мен жерге жасыл туды алып түсіп, оны Қағбаның үстіне тігуін бұйырады. Жәбрәилдің (ғ.с.) жүз қанаты бар. Соның екеуін Жәбрәил (ғ.с.) тек Қадір түні жаяды. Әрі ол екі қанаты жайылғанда шығыс пен батысты аралығын жауып тұрады. Кейін Жәбрәил (ғ.с.) періштелерге жан-жаққа тарап, таң атқанға дейін отырған немесе тұрған халде Алла Тағаланы зікір етіп, намаз оқыған әрбір пендемен қол алысып сәлемде-сіп, олардың дұғалары қабыл болуын тілеуін бұйырады. Таң атқан сәтте Жәбрәил (ғ.с.): «Қайтамыз! Қайтамыз!»,-дегенде, періштелер: «Алла Тағала Ахмадтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үмметінің қажетін не істеді?»,-деп сұрайды.

Төрт адамнан басқасына назарын салып, күнәларын кешірді.

Я, Алла Тағаланың Елшісі! Ол төртеуі кім?

Олар: ішімдікке дағдыланған, ата-анаға бойсұнбаған, туыстық қатынасты үзген және кек сақтағыш ызақор.[9]

Я, Алла Тағаланың Елшісі! Кек сақтағыш ызақор дегеніңіз кім?

Ызақорлығы себебінен арадағы қатынасты үзуші.

Ораза айтының бірінші түні аспанда «Ләйләтүл-Жәиза»[10] деп аталады.[11] Айт күннің таңертеңінде Хақ Тағала барлық жерге періштелерін жібереді. Олар әрбір көшенің басында тұрып, адам баласы мен жындардан басқа барлық жаратылыс еститіндей дауспен: «Уа, Мухаммадтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үмметі! Молынан беріп, тіпті үлкен күнәларды кешіретін Жомарт Хақ Тағалаға барыңдар!»,-деп жар салады. Кейін адамдар айт намазы оқылатын жерге бет алғанда, Хақ Тағала періштелеріне: «Өз ісін атқарған қызметшінің сыйы қандай?»,-деп сұрайды.

Я, Тәңіріміз! Я, Иеміз! Оның сыйы – ақысын толық төлеу.

Ей, періштелерім! Куә болыңдар![12] Рамазан айында ораза ұстап, намаз[13] оқығаны үшін Мен оларға разылығым мен кешірімімді сый еттім. Ей, құлдарым! Менен қажет-теріңді тілеңдер! Ұлықтығым және құдіреттілігіммен ант етем! Сендер бүгінгі жиында Ақырет үшін не тілесеңдер де, берем. Осы дүниенің қажетін тілесеңдер, оны сендердің пайдаларыңа қарай нәсіп етем. Құдіреттіммен ант етем! Мені үнемі зікір етсеңдер, кемшіліктеріңді жасырам. Ұлықтығым және құдіреттілігіммен ант етем! Күнәһарлардың[14] алдында абыройларыңды төгіп масқараламаймын.[15] Енді күнәларың кешірілген халде үйлеріңе қайтыңдар! Сендер Мені разы еттіңдер. Мен сендерден разымын.

Сонда періштелер Рамазан айт күні Хақ Тағала бұл үмметке нәсіп еткен нәрсесіне шаттанады».

Хадисті Ибн Аббастан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Ибн Хиббан және Имам Әл-Байһақи риуаят етті.[16]

 



[1] Расулуллаһтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үнемі иғтикәфта болу әдеті болатын. Сол жылы ол Рамазанды толығымен иғтикәфта өткізді. Ал көз жұмған жылы иғтикәфта жиырма күн өткізген болатын. Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Рамазанның соңғы он күндігінде иғтикәфты жиі өткізгені себебінен ғалымдар Рамазандағы иғтикәфты «сүннәту муәккәдә», яғни бекітілген сүннәтқа жатқызған.

[2] бұл хадистен иғтикәфтің бастапқы мақсаты айқындалды. Ол – Қадір түнін іздеу. Ақиқатында Қадір түнін күтуде иғтикәф ету өте қолайлы. Себебі иғтикәфта адам тіпті ұйықтағанның өзінде құлшылық еткен болады. Содан соң иғтикәфта болған адам мешіттен тыс бір жерге бармайды және дүние ісімен айналыспайды. Осы себептен оның құлшылық етіп, Хақ Тағаланы еске алудан басқа ісі болмайды. Сондықтан да Қадір түнін іздегендер үшін иғтикәфтан қолайлы іс жоқ.

[3] Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Рамазан бойы құлшылыққа ерекше көңіл бөлетін. Ал ақырғы он күндігінде құлшылығының тіпті шегі болмайтын. «Сахихүл-Бухари» және «Сахих Муслимдегі» хадистерден соңғы он күндікте Расулуллаһтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) өзі ұйықтамағаны, әрі отбасы мүшелерін де соған дағдыландыруға тырысатыны мәлім. Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еткен хадисте Айша анамыз (родиял-лаһу ғанһа): «Рамазанның соңғы он күндігінде Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) изарын (изар – белге оралып байланатын ішкі киім) тартып байлайтын. Кейін түнімен ұйықтамай, үйішіндегілерді де тұрғызатын»,-деген. «Изарын тартып байлайтын» сөзі құлшылықтағы ыждағаттылық пен әйелімен жақындаспауды нұсқайды.

[4]«Әл-Муа`тта», «Сахихүл-Бухари», «Сахиху Муслим би шархин-Науауи», «Сахиху Муслим», «Фатхүл-Бари» шарху «Сахихил-Бухари», «Ғаунүл-Мағбуд» шарху «Сунәни Әби Дауд», «Әл-Мишкәт»,  және «Нәйлүл-Аутар».

[5]«Әл-Мишкәт» және .Хадисте иғтикәфтың екі ерекше пайдасы жайында айтылған. Біріншіден: иғтикәфтің себебінен пенде күнәдан сақтанады. Рамазан тәрізді Аллаһ Тағаланың нұры жауған уақытта күнә істеу – үлкен қылмыс. Ал иғтикәфтің себебінен адам мұндай келеңсіздіктен аман болады. Екіншіден: иғтикәфта болу себебінен адам жаназаға қатысу, науқасты зиярат етіп, оның қал-жағдайын сұрау т.с.с. амалдарды істей алмайды. Осы бептен иғтикәфшы істей алмаған амалдың сауабын оны істемей-ақ табады. Мезгілі жеткен сәтте Аллаһ Тағаланың рахметі аз ғана дұғаның себебінен нөсерлеп жауады.

[6] бір күн иғтикәфтің сыйы сондай болса, онда он жыл иғтикәфтің сауабы қандай болмақ?! Бұл хадистен екі мәселе мәлім болды. Біріншіден: бір күн иғтикәфтің себебінен Хақ Тағала иғтикәф иесі мен жаһаннамның арасында үш ор жаратып, әр ордың ені жер мен аспанның арасындай болады. Әрі не құрлым көп иғтикәф етсе, сол құрлым сауабы да көбейе береді. Ғалләма Шағрани (рохматул-лаһи ғаләйһи) «Кәшфүл-Ғумма» еңбегінде Расулуллаһтан (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Рамазанның он күнін иғтикәф етіп өткізген адам екі қажылық пен екі ғумраның (ғумра – кіші қажылық), яғни екі қажылықтың сауабын алатынын жайында риуаят еткен. Сонымен қатар, сол еңбекте мешітте шам мен құбтанның аралығында иғтикәф етіп, сол арада тек намаз және Құран оқумен шұғылданған пендеге қатысты хадис бар. Хадисте Хақ Тағала ол пендесі үшін жәннаттан бір сарай тұрғызады деген сүйінші хабар бар. Екінші мәселе бірінші мәселеден маңызды. Себебі бір мұсылман екінші мұсылманның қажетін өтеуі он жыл иғтикәф еткеннен абзал. Сондықтан Ибн Аббас (родиял-лаһу ғанһу) ғтикәфтіңн үзді. Өйткені иғтикәф қазасын өтеу мүмкіндігі бар. Дегенмен мешіттен тіпті мұсылманның қажетін өтеу үшін шыққанның өзінде иғтикәф бұзылатынын есте сақтаған жөн. Егер бұзылған иғтикәф уәжіп болса, онда оны өтеу де уәжіп болады. Себебі Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мешіттен тек табиғи қажетін өтеу үшін шығатын. Ибн Аббас (родиял-лаһу ғанһу) ғтикәфтіңн біреудің қажеті өтелу үшін бұзғаны құрбаншылыққа жатады. Судың соңғы тамшысын бауырына сый ететін, басқаның өмірін өзінің өмірінен артық бағалаған адамдар үшін мұндай құрбаншылық ету әдеттегі нәрсе. Сол сәтте Ибн Аббас (родиял-лаһу ғанһу) нәфіл иғтикәфта болуы да ықтимал. Мұндай жағдайда ешбір мәселе туындамайды.

[7]«Әт-Тарғиб» және .

[8] Ахмад – Расулуллаһтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) есімдерінің бірі.

[9] бұл хадисте көңіл аударғанға лайық кейбір мәселе бар. Соның маңыздысы: кейбір бақытсыз жандардың Рамазан айының кешірімінен мақрұм болуы. Мұнымен шектелмей олар айт күннің жарылқауынан да құр қалады. Ол: өзара наразыласқан және ата-анаға бойсұнбағандар. Рақымы шексіз Аллаһ Тағала Өзінің ақысын кешіреді. Алайда пенделердің өзара ақысын міндетті түрде төлетеді. Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бұл мәселеге қатысты: «Менің үмметімнің ішіндегі дымы жоқ пенде: Қиямет күні намаз, ораза, садақа т.с.с. игі амалдармен келген адам. Алайда ол біреудің абыройын төксе, біреуге жала жапқан. Тағы біреуді ақысыз ұрған. Сонда әрбір жәбірленуші келіп, өзінің ақысы есесіне (Ақыретте мал-дүние, ақша, пара болмауы себебінен) оның жақсы амалдарын ала бастайды. Кейін жақсы амаладры біткеннен кейін, өтелмеген ақының есесінен оған өздерінің жаман амалдарын жүктей бастайды. Нәтижеде ол жақсы амалды көп істегеніне қарамастан, жаһаннамға тасталады»,-деген. Бұл жағдайда мұндай адамның қандай қайғы-қасіретке тап болатынын айтып түсіндіру қиын.

[10] яғни, «Сый беру түні».

[11] бұл түні Аллаһ Тағала пенделеріне сауап береді. Біз осыны қадірлей білгеніміз жөн! Бұл құлшылық етумен өткізетін түн. Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Екі айт түнінде ұйықтамай, сауап алу ниетімен құлшылық еткен пенденің жүрегі, басқалардың жүрегі өлген күні өлмейді»,-деген. Яғни азғындық пен бүлінушілік таралып, адамдардың жүректері азғындаған заманда оның жүрегі тірі (яғни иманды) болады. Фиқһ (шариғат) ғалымдары екі айттың түнін құлшылық етумен өткізу мустахаб деген. «Мә сәбәтә бис-сүннә» кітабында Имам Шафиғидің (рохматул-лаһи ғаләйһи): «Бес түнде дұға қабыл: жұма, екі айт, Рәжәб және Шағбан айының ортасындағы түні»,-деген сөзі бар. Хадистің бірінде: «Бес түнді көз ілмей құлшылық етумен өткізген адамның жәннатқа кіруі міндетті»,-деп айтылған. Ол:  «Зүл-Хижжә» айының сегізінші жұлдызына сәйкес келетін «Ләйләтүт-Таруийа», «Зүл-Хижжә» айының тоғызыншы жұлдызына сәйкес келетін «Ләйләтүл-Ғарафа» (арапа), «Зүл-Хижжә» айының оныншы жұлдызына сәйкес келетін «Ләйләтүл-Нахр» (құрбандық айтының бірінші түні), «Шағбан» айының он бесінші жұлдызына сәйкес келетін «Бәрә`әт» түні және ораза айтының түні. Сонымен қатар, ғалымдар Рамазан айында жұма мен жұманың түніне ерекше қөңіл бөлу жайында айтқан. Себебі жұма мен жұманың түні – ерекше берекелі уақыт.

[12] Хақ Тағала пенделерінің күнәларын кешіруіне періштелерін куә етудің мәнісі: Қиямет күнінің әділдігі әмірді орындағанға негізделеді. Мәселен Пайғамбарлар (ғ.с.) міндеттерін атқаруына қатысты куәгерлер талап етіледі. Хадистер кітаптарында Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Сендер Мен жайында сұраласыңдар. Сондықтан Мен сендерге дінді толық жеткізгеніме куәгер болыңдар!»,-деп айтқан хадистер баршылық. «Сахих Бухари» және басқа да хадистер жинақтарында Қиямет күні Нух пайғамбар (ғ.с.) шақырылып, пайғамбарлық міндеттерін орындауы жайында сұралатыны баян етілген. Ол: «Иә, орындадым»,-дейді. Кейін оның үмметінен: «Нух (ғ.с.) сендерге Аллаһ Тағаланың әмірлерін жеткізді ме?»,-деп сұралғанда, олар: «Бізге хабаршы да, ескертуші де келмеді»,-деп жауап береді. («Әл-Мәида» сүресі, 19 аят). Нух пайғамбарға (ғ.с.): «Сен өзіңнің куәгерлеріңді алып кел!»,-деп бұйырылғанда, ол куәлікке Мухаммад (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) пен оның үмметін шақырады. Сонда Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) пен оның үмметі Нух пайғамбардың (ғ.с.) пайдасына куәлік етеді. Имам Фахруддин Рази (рохматул-лаһи ғаләйһи): «Қиямет күні төрт түрлі куәлік болады. Соның бірі: періштелердің куәлігі. Бұл мәселеге қатысты Хақ Тағала былай деген: «Қиямет күні әркім, оны айдаушы және оған куәгер болатын періштелермен бірге келеді». («Қоф» сүресі, 21 аят) Екінші куәлік: Пайғамбарлардың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) куәлігі. («Әл-Мәида» сүресі, 117 аят) Үшінші куәлік: Мухаммад (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үмметінің куәлігі: «Куәлік үшін Пайғамбарлар (ғ.с.) мен Мухамадтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үмметі келтіріледі». («Әз-Зумәр» сүресі, 69 аят) Төртінші куәлік: дене мүшелерінің куәлігі. Жаратушы Ие айтады: «Қиямет күні олардың тілдері мен қол-аяқтары не істегендеріне куәлік етеді». («Ән-Нур» сүресі, 24 аят). Бұл аяттардан мақсат: жоғарыда айтылғандардың Қиямет күніндегі куәлігі жайында ескерту.

[13] яғни, тарауих намазын.

[14] яғни, кәпірлердің.

[15] бұл – Хақ Тағаланың шексіз рақымдылығы мен мейірімділігінің бейнесі. Әрі Аллаһ Тағаланың мұсылманның абыройына қатысты ілтипаттылығы. Хақ Тағала Қияметте ізгі пенделерінің күнәсін кешіріп, кемшіліктерін жасыруы да мол нығмет. Абдуллаһ ибн Омар (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деген: «Қиямет күні Аллаһ Тағала бір мүминді жанына шақырады. Кейін оны басқалардан пердемен жауып, оған күнәлары жайында айтып мойындатады. Пенде күнәсі көптігі себебінен: «Жеткен жерім осы-ау»,-деген ойға барады. Сонда Хақ Тағала: «Кемшіліктеріңді анау дүниеде жасырғанымдай бүгін де оларды жасырылып, кешіремін»,-дейді. Осыдан соң пендеге жақсы амалдар кітабы беріледі». Көптеген хадистерден Аллаһ Тағала ізгі пенделерінің күнә, қателіктерін кешіретіні мәлім.

[16]«Әт-Тарғиб», «Әт-Тәдбир», «Әл-Мирқат» және .

Бөлісу: