01
Жұма,
Қараша

һижри

Әшекей заттардан зекет беріле ме?

Әшекей заттардан зекет беріле ме?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Саламатсыздар ма! Күнделікті тағып жүрген әшекей заттардан зекет беріледі деп естідім. Сол шын ба? (Сара)

Жауап: Сәлеметсіз бе, Сара. Сұрағыңыз өте орынды. Алтын мен күмістің қандай түрі болсын, қолданса да, қолданбаса да зекет мөлшеріне жетсе зекеті берілуі міндетті.

Ханафи мәзһабында алтыннан немесе күмістен жасалған әшекей жүзік, сырға, білезік, алқа сияқты заттардың салмағы нисап көлеміне жетіп, бір жыл толса, зекет алынады.

Егер зекетті өтемеу ниетімен айла ретінде әшекей заттарды қоғамдағы әйелдердің қолданылатын көлемінен артық жинаса, олардан зекет алынады.

Есте болатын жайт, егер қоспаның басым көпшілігі алтын болса оның барлығын алтын деп есептейді. Ал, егер, керісінше, көбі басқа зат болса алтын деп есептелмейді. Қоспалы күмістің үкімі де осындай.

Ummet.kz

Бөлісу: