25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Деструктивті діни ұйымның белгілері қандай?

Деструктивті діни ұйымның белгілері қандай?

Сұрақ-Жауап

Бұл жерде ең бастысы сырт көзге көрінер белгілер емес, идеологиясының негізгі маңызды екенін ұғынған жөн.

Діни ағымның деструктивті идеологиясының негізгі белгілері «тәкпір», «тағұт», «кәпір», «жахиль», «жиһад» сынды түсініктерді диверсиялық тұрғыда көп қолданылуымен-ақ анықталады.

Ханафи мәзһабын терістеп, адасушылыққа балау да олардың бір белгісі саналады. Негізінде «мәзһаб» исламды «дұрыс» түсінудің дайын формасы. Бір ғана мысалмен түсіндіруге болады. Мәселен, адам ауырып, өз бетімен емдік шөп термек мақсатында далаға шығады. Қаулап өскен түрлі шөптің арасында емдік қасиеті бар шөп міндетті түрде табылады. Алайда, ол қай шөп, оны қалай әзірлеп, қандай мөлшерде ішу керектігін білмегендіктен  оның пайдасынан зияны басым. Яғни уланып қалуы ғажап емес. Сондықтан да біз ем іздеп аурухана мен дәрігерлердің көмегіне жүгініп, дәріханаларға барамыз. Бұл жерде де дәл солай. «Мазһаб» ұстанудың пайдасы сол, ол барынша қауіпсіз, «дұрыс» ақпараты мен түсініктемелірі бізді адасу мен тура жолға түсіп кетпеуімізге септігін тигізеді.

Егер діни ұйымның қызметінде гипноз мен есірткі заттарын пайдалану белгілері байқалса (жиі кездесетін жағдай), егер ұйым «пирамидалық» иерархиялық формада құрылса, тасалану элементтері байқалса – ол ұйымның радикалды, экстремистік, деструктивті жалған діни ұйым болуы ықтимал.

Бөлісу: