25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Неке мәселесі

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Сәлеметсіздер ме? Неке қию кезінде екі жақтың ата-анасының қатысуы міндетті ме? Жалпы канша адам куа болу керек? Жане етеккір кезінде Неке қиюға бола ма? Рахмет. Мөлдір

 

Жауап: Салеметсіз! Шариғат бойынша неке қию рәсімінде мүмкіндік болса  қыздың акесі қатысып, қызының қамқоршысы (уали) ретінде оны тұрмысқа беруге рұқсат етуі керек.

Сондай-ақ, Исламда қыз бен жігіттің ата-аналарының батасы мен ризалығын алуы – парыз. Егер қыз бен жігіттің ата-аналары олардың қосылуларына ризалық танытпаса үйленбегендері абзал. Ата-аналарының теріс батасын алған қыз бен жігіттің некелері дұрыс болса да, өмірлері баянды болмауы мүмкін. Өйткені, мұсылманның мақсаты – Аллаһтың ризалығы. Ал, сол ризалық ата-анаға қатысты. Ал, куәлік мәселесіне келер болсақ, екі ер азаматтың немесе бір ер кісі мен екі әйел адамның куәліктері жеткілікті.Жәбирден жеткен хадисте Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Уәли мен екі салиқалы куәгерсіз  неке жоқ». Хадисті Ибн Хиббан (4075), әл-Бәйһақи (7/125), әд-Дарақутни (3/221) жеткізеді. Сонымен қатар, етеккірдің неке қиюға кедергісі жоқ. Дегенмен, неке мешітте қиылатын болса етеккірден тазаланғаннан кейін барып қидырған дұрыс.

Бөлісу: