26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Америкалық бағдарламашы Томас Андерсон мұсылман қауымының қасиетті кітабы соғысқа шақырады деген батыс елдерінің уәжін арнайы бағдарлама арқылы тексеріп көрді.

Мәскеуде мектеп оқушылары мен ата-аналарға және мұғалімдерге арнайы вебинарлар ұйымдастырылды. Ресей және әлем елдеріндегі діни мәдениет, сонымен қатар әртүрлі этностар мен ресейліктердің шетелдегі өмірі туралы онлайн-сабақ оқушыларға қызықты мәліметтер ұсынады.

Үндістанның Джаркханд штатында зағип мұғалім қасиетті Құран Кәрімді Брайля шрифтімен көшіріп шығып, көпшілікті қайран қалдырды. Нафис Тарин Құран кітабының зағиптарға арналған нұсқасын көшіріп шығуға бұған дейін де талаптанған болатын. Алайда, оның мүмкіндігі шектеулі екенін алға тартқан имамдар бұл іске көмектеспеген. Кейінірек Хафиз Мохаммад Таслим есімді азамат Таринның талабына қолдау білдірген.

Британ ислам мәдениетін зерттеу орталығының жоғары ғылыми қызметкері Салим Айдуз әлемнің ең алғашқы суасты кемесі мен ракетаны Осман империясының түріктері ойлап тапқанын мәлімдеді.

Еуропалық мамандар кәрі құрлықтағы бала туу, халық өсімі көрсеткіштеріне сүйене отырып, 2050 жылы елде мұсылмандар саны айтарлықтай көбейетінін жария етті, деп жазады rg.ru.

Еуропа халықаралық әуежайларының бірінде садақа берудің ерекше түрі пайда болды.  Мұнда кез келген адам қолын жоғарыдан төмен бір сермеу арқылы мұқтаж жандарға көмектесе алады.