07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Қатар мен Қазақстанның ынтымақтастық мәселесі талқыланды

Ел іші
Жарнама

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Катар мемлекетінің сыртқы істер министрі Халед әл-Атыяны қабылдады» деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция және көлік-транзит салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Катардың қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтті.

– Сіздің сапарыңыз ынтымақтастығымыздың деңгейін одан әрі көтеруге септігін тигізетініне сенімдімін. Катар біздің елордамыздың құрылысына, соның ішінде «Нұр Астана» мешітінің құрылысына жәрдем етті. Сонымен қатар Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен жандар үшін Семей қаласында салу жоспарланған сауықтыру орталығының құрылысына жасалған көмекке ризашылық білдіргім келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Бұл жоба Н.Назарбаевтың мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламалар қоры мен Катар даму қорының өзара ықпалдастығы негізінде жүзеге асырылуда.

Халед әл-Атыя өз кезегінде Катар Әмірінің сәлемін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастық одан әрі нығая береді деп үміттенетінін білдірді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: