25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти дәстүрлі дін көшбасшыларының съезіне қатысты (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының V съезіне қатысты.

Халықаралық басқосу шымылдығын ашқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлемдік бірлік пен бейбітшілікке, дінаралық татулыққа өз үлесін қосып келе жатқанын айтты.

Елбасы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезіне қатысушыларға Қазақстанның шақыруын қабыл алып келгендері үшін ризашылығын білдірді. «Осы күндердің ішінде сіздердің тілектеріңіз, әр діндердің Қазақстанға айтып жатқан тілектері Алланың алдында қабыл болсын дейміз, көңілдеріңіз үшін де рахмет айтамыз. Біз жаңа мемлекет ретінде көп шаруаны бітіріп, ядролық қарудан азат мемлекет құрып, көпұлтты, көпдінді мемлекеттің басын құрап, жаңа қоғам құрып жатқан елміз», - деді Мемлекет басшысы.


 

ummet.kz-ақпарат

 
Бөлісу: