9 қазан. АСТАНА. Ummet.kz - Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Әлемнің әр қиырынан келген дін көсемдері мен жаһандық ұйым мүшелері, беделді саясаткерлер мен ғалымдар келелі кеңестің күн тәртібін мақұлдады.
Хатшылық жұмысын ҚР Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізді.
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Хатшылық жұмысы барысында мемлекеттік телеарналарға сұхбат берді.