26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

ИМАМ ҒАЗАЛИДІҢ ЕҢБЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Әлемге әйгілі діндар ғалым Әбу Хамид әл-Ғазалидің «Ихия-у Улумиддин (Дін ғылымдарының қайта жандануы)» атты 4 томдық еңбегінің екінші томы «Рубғул-Адат», яғни адамдардың қарым-қатынасындағы күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты он түрлі тақырыпты кеңінен қамтыған әдеп кітабы қазақ тіліне аударылды.

Кітапта тамақтану, неке-отбасылық өмір, кәсіп жасау, халал мен харам, достық, әр түрлі адамдармен қарым-қатынас, сапар шегу, самағ (әуен) тыңдау, т.б. әдептер қамтылған.

Еңбекті қазақшалаған елімізге белгілі исламтанушы Убаев Батырбек болса, кітаптың жалпы редакциясын басқарған дінтанушы Тұрар Әбуов. 

Авторлар Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Оразбен кездесіп, кітап жайында, аударма ісіне қатысты мәселелер туралы пікір алмасты. ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы авторлардың еңбегін жоғары бағалап, алғысын жеткізді. Аталған кітап мұсылман жамағатының, жалпы халықтың рухани дамуына септігін тигізетінін атап өтті. Сонымен қатар, ҚМДБ жанынан құрылған аудармашылар тобының жұмысы жайлы әңгімелеп берді.

Ұлтымыздың рухани жаңғыруын жаңа сатыға көтеруге көмектесетін еңбек Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің дінтану сараптамасынан оң қорытынды алған.

 

Бөлісу: