25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ақтөбе облысында жаңа мешіт ашылды

Ел іші
Жарнама

Қасиетті жұма күні Қарғалы ауылдық округінің Ақжар ауылында жаңа мешіт ашылды. Ақжарлық жамағаттың қолданысына берілген мешітке ҚМДБ төралқасының шешімімен «Әс-Сәлам» атауы берілді.

jpg9999 6

Имандылық үйі елді имандылыққа ұйытар, тыныштықтың тұрағы, бейбітшілік пен ынтымақтың насихаттаушысы болсын деген ниетпен дәл осы атау таңдалды. Шараға қатысқан облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Нұрланұлы бүгінде Ақтөбе өңірі 67 мешітпен толығып жатқандығын тілге тиек ете отырып, мешіт дәстүрлі діннің дәріптеушісіне айналсын деп жамағатқа құттықтау лебізін жеткізді. Басқарма басшысы мен өкіл имам мешіттің салтанатты түрде лентасын қиды.

Өкіл имам Төлеби Оспан мешіт тұрғызудың сауабы мол амал екендігін айтып, осынау игі іске демеушілік жасаған азаматтар Абдулмалик Балтурейұлы мен Саян Мәжитұлына барша ақжарлықтардың атынан ризашылығын жеткізді. Арнайы Алғыс хат пен естелік сыйлық тарту етіп, Алла сауаптан жазсын деген тілек айтты. Сондай-ақ, мешіт құжаттарының толықтай діни басқармада рәсімделгендігін атап өтті.

Бас Мүфтидің бұйрығымен «Әс-Сәлам» мешітінің Бас имамы болып Нұрдәулет Сүлейменов тағайындалды. Өкіл имам жаңа имамды жамағатқа таныстырып, оған мол сенім арта отырып, қызметіне сәттілік тіледі. Бұған дейін Нұрдәулет Отарбайұлы «Досжан Хазрет» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған болатын.

Мешітте тақырыпқа сай жұма уағызы айтылып, алғаш рет жамағатпен жұма намазы оқылды.

jpg9999 6

jpg9999 4

jpg9999 2

jpg9999 1

jpg9999 4

ummet.kz

Бөлісу: