06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти экстремизм саласына қатысты даярлаудан өткен имамдарға куәлік табыстады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қоғамға селкеу түсірер жат ағымдар мен әсіредіншілдерге қарсы «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы «Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институты» екінші түлектерін даярлады. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Республиканың әр түкпірінен келген имамдар екі ай бойы ислам, теология, конфликтология, риторика сынды көпшілікпен жұмыс істеуде маңызды білім салалары бойынша білікті мамандардан дәріс алды.

Институттың екінші түлектерін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы орынбасарларымен және «Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры, профессор Шамшәдин Керім, Алматы қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет арнайы құттықтап, куәліктерін табыс етті.

 Ext2

Ext3

Ext4

Ext5

Ext6

Ext7

Бейресми деректер бойынша, елімізде жат ағым жетегінде 16 мыңға жуық адам бар. Ал теріс пиғылды топтың өз қатарын арттыруға бағытталған айла-тәсілдері барын дін саласы мамандары анықтап отыр. Тіпті, психологтар жат сеніммен уланған адамды райынан қайтару үшін жылдар жұмсалатынын айтады. Сондықтан, жат ағымдарға қарсы күрес мәселесі қашанда  білімді діни кадрлар жұмысымен шешіледі. Осындай мемлекеттік маңызы бар міндетті арқалаған Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтынан биылғы оқу жылында 20 адамнан екі түлектер науқаны, яғни  40-а жуық имам арнайы куәлік алды.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: