25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шейіт болғандардың рухына Құран бағышталды

Ел іші
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Отан соғысында ел мен жерді қорғап, шейіт болғандардың рухына арналып Құран оқылып, дұға бағышталды.

«Иман» журналының бас редакторы Оңғар Өмірбек ақсақал Отанның амандығы, жас ұрпақтың болашағы үшін жанын пида еткен өр тұлғалы сарбаздар мен батыр аталарымыз Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдиновтің  рухына дұға жасап: «Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік жасаған батырларымыз Алла Тағаланың мейріміне бөленіп, жаны жәннатта болсын. Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ешқашан соғыс болмасын. Балаларымыз бейбіт өмір сүрсін. Мемлекетіміздің тыныштығы мен тұтастығы жолында қызмет етіп жатқан азаматтар мен ел қамында жүрген Елбасымыз аман болсын», – деді.

Биыл Отан соғысының басталғанына 74 жыл, Жеңіске қол жеткізгенімізге 70 жыл толып отыр. Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан 1,5 миллионға жуық азамат қатысып, оның 495-і Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

muftyat.kz

Бөлісу: