26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Түркістан симпозиумы: «Матуридиліктің өткені, бүгіні және келешегі»

Ел іші
Жарнама

Бүгін Түркістанда Ахмет Ясауи университетінде «Матуридиліктің өткені, бүгіні және келешегі» атты халықаралық симпозиумы басталды» деп хабарлайды E-islam.kz.

Қазақстан мен Түркияның әнұранымен ресми ашылған жиында ХҚТУ Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президент М.Нұрсой және Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі вице-президент Т.Раймбердиев барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Халықаралық симпозиум үйлестірушісі профессор Сөнмез Кутлу айтулы шараның халықаралық деңгейді ұйымдастырылуына үн қосқан отандық және шетел ғалымдарына алғыс білдірді.

«Матуридилік жалпы ислам ойлау жүйесінде (түсінігінде) оны түсіну, пайымдау және оның шарттарын орындауға қатысты әртүрлі түсініктер пайда болды. Бұлардың бір бөлігі проблемаларды шешуде күш қолдануға, ал бір бөлігі ақыл-ой таразысына салуға, енді бір бөлігі салт-дәстүрге сүйенуге, ал келесі бір бөлігі мистикалық тәжірибеге сүйенуге тырысты. Әбу Ханифа мен Имам Матуриди мұсылмандардың проблемаларын шешуде ақыл-ой таразысына сүйену тәсілін алға тартты. Сол себептен оларды ақыл-ойдың жақтастары деп атады» деді Сөнмез Кутлу өз баяндамасында.

Айта кетейік, симпозиумға Түркия, Татарстан, Қырғыстан, Башқұртстан, Өзбекстан, Түркменстан, Азербайжан және еліміздегі түрлі ұйымдар мен ЖОО-нан беделді, белгілі ғалым-теологтар қатысты. Ал алқалы отырыстың президиум мүшелері қатарында ОҚО Ішкі саясат және дін істері басқармасының бөлім басшысы Аңсар Өсербаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Дін істері комитеті Дінтанулық сараптама басқармасының басшысы, теология докторы Мырза Балғабек, Татарстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтиі Камил Самигуллин, Башқұртстан мұсылмандар діни басқармасының өкілі Артур Ахмеров, Түркия, Измир қаласы, Докуз Ейлюл университеті,  Дінтану факультеті профессор Ханифи Өзжан, Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті Дінтану кафедрасының профессоры Досай Кенжетай, Қырғыстан республикасы Ош мемлекеттік  университеті, Теология факультетінің профессоры Зайлабиддин Ажимаматов сынды дін саласының майталмен қайраткер қызметкерлері, дін ғалымдары мен сарапшылары болды.

Конференция барысында ұлы ғұлама Имам Матуридің өмірі, ғылым білімге қосқан үлестері, Самарханд қаласында Имам Матури тарапынан негізі қаланып, кейіннен оның ізбасарлары арқылы түркі халықтарының арасына тараған Матуридилік жолы түркі халықтарының діни, қоғамдық және мәдени бірлігі жолында маңызды роль атқарғандығы, 

Матуридидің ойлау жүйесіне жалпы шолу, Матуриди мұрасының Қазақстанның болашағы тұрғысынан маңыздылықтары туралы мазмұнды баяндамалар жасалды.

4-6 мамыр аралығына жоспарланған симпозиум жұмысы қазақ, түрік және ағылшын тілдерінде өткізілуде. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: