25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алматы облысында медресе ашылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

«Алматы облысының Балқаш ауданына қарасты Бояулы ауылында жаңа медресе ашылды» деп хабарлайды Muftyat.kz.

Алматы өңірінде осымен ашылып отырған екінші медресенің салтанатты рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы және зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Ел мен жерге қызмет етіп, соңына өшпес із қалдырған тарихи тұлғалардың барлығы сауатын медреседен ашқан.  Медреседен білім алған шәкірттер еліміздің бірлігі мен имандылығына қызмет ететіне сенемін. Бүгінде  медресе ашып, дініміз бен дәстүрімізді насихаттауымыз – тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің арқасы»,- деді Бас мүфти.

Медресе бір мезгілде 20-30 шәкіртке қызмет көрсете алады. Оқу орны алдағы уақытта облыс көлемінде ғана емес, бүкіл еліміздің түкпір-түкпірінен келетін шәкірттерге де қызмет көрсететін болады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: