26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

ҚМДБ делегациясы Мекке-Медина қалаларында (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Үстіміздегі жылдың 2-ші мамырында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының делегациясы Египет Араб республикасынан шығып, Сауд Араб Корольдігінің Мекке қаласында Умра құлшылығын өтеді.

Үстіміздегі жылдың 3-ші мамырында нұрлы Мәдина шаһарына жол тартып, сонда оқитын тәлімгерлермен жүздесті. Кездесуге Джиддадағы Қазақстан консулдығы мұрындық болды. Бұл жолғы басқосудың өңі өзгеше бейресми сипатта өтті. Дәлірек айтқанда делегация мүшелері мен Мәдинада «Ислам» университетінде оқитын қазақстандық студенттер көк алаңда бірлесіп футбол ойнап, көңіл көтерді.

Шетелдегі отандас жастар өздерінің отансүйгіштік қасиеттерінің басымдылығының дәлелі ретінде көк алаңға ҚР көкбайрағын ала келіп, желбіретіп тікті. Ойын барысында олардың таныс-білістігі артты, бауырмалдығы күшейді, бір-біріне деген мейірімі оянды. Екі жақ бірігіп, өзара екі командаға бөлініп ойнап, есеп 7/4 есебімен аяқталды. Ойын өте көңілді, тартымды өтті. Кездесудің негізгі мақсаты студенттердің хал-ахуалынан хабардар болу еді. Футбол ойынынан соң жамағат арасында салихалы сұқбат өрбіді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің Дін істері жөніндегі камитет төрағасының орынбасары Бақытжан Құлекеев студенттермен кездескеніне қуанышын жасырмады.

ҚМДБ-ның Жалпы және Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы Діни басқарманың соңғы жылдары атқарып отырған іс-шараларына тоқталды. Студенттерді имамдар форумы және онда қабылданған құжаттар туралы құлағдар етіп, оқулықтар таратты. ҚМДБ-ның Пәтуә және шариғат бөлімінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы қазақтарды қай жерде жүрсе де ынтымақ пен бірлікте болуға әрі елімізге жанашыр азамат болып қалыптасуына тілектестігін білдірді.

Мединада оқитын қазақстандық студенттер көптеген шараларға қатысып белсенділік танытуда. Мәселен Сәуір айының 26-да өткен ҚР Президенті сайлауына 90 пайызы келіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берген. Қазақтың ұлттық тағамдарының көрмесі бәйгесінен де алған жүлделері бар.

Бас Мүфтидің кеңесшісі Қуат Раев алдағы уақытта шетелде діни мамандық оқитын қандас бауырларымызға арналған арнайы сайт ашсақ деген ойын білдірді. Студенттер Қазақстандағы діни ахуал туралы мол мағлұмат алып, қуана тарқасты. «Алдағы уақытта да ең болмаса жылына 1 рет осындай кездесу өткізілсе» - деген ұсыныс білдірді. Олар да Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтынын жеткізіп, елге тезірек оралғысы келетінін айтты. «Асыл арна» телеарнасының журналисі Нұрболат Жантелі. Медина қаласынан.

 

muftyat.kz

Бөлісу: