06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында бас мүфти дін қызметкерлерін марапаттады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы діни салада жемісті қызмет етіп жүрген бас имамдар мен Діни басқарма қызметкерлеріне жылы лебізін білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

 

Бас мүфти рәсімге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде баршаны еліміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, асыл дініміз бен төл руханиятымызды дамыту жолындағы қажырлы еңбектері үшін алғысын жеткізді.

«Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық белесінде, соның ішінде діни салада жеткен жетістіктерімізде сіздердің белсенді қызметтеріңіз бен тарихи, ізгі іс шараларыңыздың қолтаңбасы жатқаны даусыз. Ұлтымызды имандылыққа ұйытып, халқымызды игілікке бастап, асыл дініміздің абыройын асқақтатқан дін жолындағы қажырлы қызметтеріңіз бен елеулі еңбектеріңіз үшін сіздерге айрықша алғысымды білдіремін» деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Alm1

Alm2

Alm3

Alm4

8

Alm6

Alm7

Alm9

Alm10

Alm11

Alm12

ҚМДБ баспасөз қызметі

Бөлісу: