Алматы қаласында бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өтуде.
Мәжіліске наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ Бөлім басшылары, Діни басқарманың облыстардағы өкіл имамдары қатысуда.
Басқосуда облыстардың бас имамдарды төрт бағыт уағыз-насихат, діни сауат ашу, жат ағымдармен жұмыс, қайырымдылық жұмыстары туралы баяндайды. Сонымен қатар, «Зекет» қорының, Уағыз-насихат, Халал стандарттау, Діни білім және ғылым, Жалпы және жастар, Баспасөз бөлімдерінің атқарған іс-шаралары бойынша есеп алынады.
Мәжілісте мүфтияттың негізгі жұмысы және қоғамдағы діни мәселелер жан-жақты талқыланады.
Muftyat.kz