06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы

Ел іші
Жарнама

ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттердің Мәдениет министрлерінің 34-ші тұрақты кеңесі мен «Шеки – түркі әлемінің 2016 жылғы мәдени астанасы» жылының аяқталуына арналған рәсімінде осындай шешім қабылданды.

«Шеки қаласы 2016-жыл бойына бүкіл түркі әлемінің мәдениет қайраткерлерін жоғары деңгейде қарсы алды. Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесінің арқасында Әзербайжанның осынау тарихи қаласы өзін әлемге паш етті. Бүгінгі шарада Қазақстанның Түркістан қаласы түркі әлемінің 2017-жылғы мәдени астанасы болып сайланды» деді ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов.

Сонымен бірге, ол Түрік мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) түркі халықтары арасында достық қарым-қатынасты қалыптастырып, бауырластық байланыстарды нығайту, түркі халықтарына ортақ мәдениетті өскелең ұрпаққа жеткізіп оны насихаттау бағытында 20 жылдан астам уақыттан бері тиімді жұмыстар атқарып келе жатқандығын атап өтті.

ТҮРКСОЙ ұйымының ең сәтті жобаларының бірі - 2012 жылдан бастап, түркі әлемінің мәдени астаналарын сайлау болып табылатындығы айтылды.

Бөлісу: