06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Қазақстанда 22 діни оңалту ұйымы қызмет істейді

Ел іші
Жарнама

Дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде жүргендерді оңалту маңызды міндет. Бұл туралы Астанада өткен  7-ші Азаматтық форумда ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Дерадикализация – бұл мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың бірігіп, барынша күш салып жұмыс жасайтын сала. Бүгінде тек 22 қоғамдық ұйым дін саласында кеңес беру және оңалту көмегін көрсетумен айналысады. Бұл жалпы ҮЕҰ санының 0,12 пайызы ғана»  деді И.Тасмағамбетов.

Вице-премьердің мәліметінше, елімізде 15 мыңға жуық адам діни жат ағым жетегіне ерген. Мәселенің маңыздылығына қарамастан, тек Астана, Көкшетау, Қарағанды, Таразда ғана екі не одан көп орталық жұмыс жасайды, Петропавлда бірде-бір оңалту орталығы жоқ.

«Оңтүстік Қазақстан облысында үш мыңға жуық тыйым салынған діни ағымдардың ізбасарлары бар. Алайда, аталған облыста тек бір ғана үкіметтік емес «Нұр-Мұра» ҚБ ұйымы дін саласында кеңес беру және оңалту мәселесімен айналысады» деді Тасмағамбетов.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: