06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

ҚМДБ қажылық қорытындысы: МАҢЫЗДЫ МӘЛІМЕТТЕР

Ел іші
Жарнама

Бүгін, 22 қыркүйек күні Қазақстан қажыларының соңғы легі Мадина-Алматы бағыты бойынша елге оралды.

- Қазақстан Қажылық миссиясы үйлестіру, ұйымдастыру, қадағалау жұмыстарын жоғары деңгейде жүзеге асырды. Миссия құрамында 55 адам қызмет көрсетті. Атап айтқанда, үйлестіру-ұйымдастыру, қадағалау-басқару, уағыз-насихат, ақпарат, дәрігерлер тобы жұмыс істеді;

- Қажылық кезінде 50 имам түсіндіру жұмыстарымен айналысты;

- Қажылық миссиясының құрамындағы 14 дәрігер 500-ден астам қажыға алғашқы медициналық көмек көрсетті;

- Дәрігерлер тобының жұмыс кестесі жасалып, медициналық көмек көрсету қызметі 24 сағат бойы жүзеге асты;

- Қажылық миссиясының штабынан ашылған стационарлық бөлмеде 25 адам емделді;

- Көп жағдайда отандастарымыз арасында қан қысымының көтерілуі, қан тамырлары аурулары, жүрек аурулары, т.б. байқалды. Денсаулығына байланысты шағым айтқандардың басым бөлігі – егде жастағы азаматтар;  

- Дәрігерлер тобына арнайы 1 медициналық жедел жәрдем көлігі бөлінді;

- Аллаға шүкір, 2016 жылы қажылық маусымында адам шығыны тіркелмеді;

- ҚМДБ баспасөз бөлімінің ұйымдастыруымен «31арна», «КТК» телеарнасы, «Асыл арна», мүфтияттың «Hikmet.tv» телерадиостудиясы, www.zakon.kz порталы қажылық сапарынан жалпы саны 161 тікелей телерепортаждар, арнайы сұхбаттар мен жаңалықтар жариялады.

- Айта кетейік, ҚМДБ 2016 жылы тұңғыш рет туристік фирмалар арасында ашық Конкурс жариялаған болатын. Конкурс комиссиясының шешімімен қызмет сапасы халықаралық талапқа сай деп танылған 10 туристік фирма қажыларымызға қызмет көрсетті;

- Биыл елімізден 3000 мұсылман қажылық парызын өтеп қайтты. 

ҚМДБ Баспасөз қызметі

Бөлісу: