06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Қажылық - 2016: Қасиетті Меккеде үлкен қажылық басталды

Ел іші
Жарнама

Бүгін Меккеде үлкен қажылық басталды. Таңертеңнен бері қажылар қасиетті Мина жазығына ағылып жатыр. Бес парыздың бірі қажылықты орындауға келген 2-млн. адамның арасында үш мың отандастарымызда бар.

Бұл күндері қажылар тазалық пен адамдар арасындағы тепе-теңдікті білдіретін “иһрам” киіп, құлшылық жасайды.

“Мен отандастарыммен бірге қасиетті Меккеден 10 шақырым жердегі Мина жазығына келіп орналастым. Бұл жерде бес уақыт намазымды оқып, отбасымның амандығын, еліміздің тыныштығын тілеп дұға жасаймын. Ал, ертең Арапат тауына қарай аттанамыз”, - дейді Қазақстаннан барған қажылардың бірі Манат Ешбай.

ҚМДБ Қажылық миссиясы Мина жазығында Қазақстан қажыларының қауіпсіздік шараларын қадағалауда.

Қазақстан Қажылық миссиясы уағыз-насихат бөлімінің жетекшісі Бауыржан Әлиұлы қажылық фирмаларын аралап, жерлестерімізге уағыз айтуда.

Бекітілген уағыз тақырыптарына сәйкес, арапа күнінің артықшылығы, Минада дұға жасаудың маңыздылығы туралы насихаттар жүргізілуде.

Сонымен қатар, шатырларда дәрігерлер орталығы орнастырылды.  «Қажылық Миссиясының құрамындағы дәрігерлер медициналық қызмет көрсетуге дайын. Жедел жәрдем көлігіменде қамтамасыз етілген. Қазір қатты науқастанған адам тіркелмеді», – деп атап өтті дәрігерлер тобының жетекшісі Руслан Іздібаев.

Айта кетейік, қажылар Мина жазығында бір түн өткізіп, таңертең Арапат тауына көтеріледі.

 

 

ҚМДБ Қажылық миссиясының ақпарат бөлімі

Бөлісу: