07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти түркиялық ұстаздармен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы МалғажыұлыТүркиядан келген дін қызметкерлерін қабылдады, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Қазақстан және Түркия Діни басқармаларының екіжақты келісімі негізінде келген түркиялық алты ұстаз еліміздің мешіттері мен медреселерінде қызмет етеді.

«Бүгінде Қазақстан мен Түркия мүфтияты арасында әріптестік байланыс нығайып келеді. Сіздер біздің елдегі діни кадрлар әлеуетін көтеруге үлкен үлес қосуларыңыз қажет. Алла Тағала қызметтеріңізді берекелі етсін» деп атап өтті бас мүфти Е.Малғажыұлы.

Сонымен қатар, ресми қабылдауда Түркияның Қазақстандағы елшісінің діни істер бойынша кеңесшісі Ибраһим Йылмаз ҚМДБ-ның оқу-ағарту саласындағы жұмыстарына қолдау көрсететінін жеткізді. 

  

   

 


 ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: