07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

ҚМДБ бір күндік еңбекақысын аударды

Ел іші
Жарнама

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға бір күндік еңбекақысын аударды» деп хабарлайды ҚМДБ Баспасөз қызметінен.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы журналистерге сұхбат беріп, ел ішінде, қоғамда орын алған мәселенің дін қызметкерлері үшін де ортақ іс екенін айтып, осы мақсатта Астана, Алматы, Қарағанды секілді бірқатар облыс орталықтарында «Қайырымдылық акциясы» ұйымдастырылып отырғанын жеткізді.

«Қала, облыс мешіттерінде арнайы көмек жинау қоғамдық пункттері ашылды. Жамағат өз қалауымен тұрмыстық заттармен көмек беріп жатыр, азық-түлікпен де акциямызға үлес қосып жатқандар бар. Бүгін Алматыдан 20 тоннаны құрайтын жүк көлігі Қарағанды облысына жөнелтіледі. Оның ішінде тұрмысқа қажетті заттар, киім-кешектер бар. Діни басқарма бұдан бөлек бір күндік жалақысын аударды», – деді бас мүфти. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: