26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бауырлас ел басшылары Түркістандағы жаңа мешітпен танысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Реджеп Ердоған Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның мемлекеттік сапары аясында екі елдің мемлекет басшылары Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи кешені жанында орналасқан жаңа мешітке, сондай-ақ халықаралық қазақ-түрік университетіне барады деп жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Екі ел басшылары алдымен Түркістандағы жаңа мешітке келді. Түрік ағайындардың қолдауымен  салынған 2 мың адамдық мешітті аралап көрді. Сондай-ақ дін өкілдерімен және қала тұрғындарымен әңгімелесті.

Ал, мешіт құрылысы туралы келісімге Түркістан қаласының 1500 жылдығын мерекелеу барысында екі ел ынтымақтастық келісіміне қол қойған еді. Көлемі 2 гектар жерді алатын Алла үйі 2 қабаттан тұрады, 600 шаршы метр жабық алаңы да бар. Мұнараларының ұзындығы – 33 метр, күмбезі – 31 метр. Сыртында намаз оқитын орны, төменгі қабатта мәдениет орталығы, бірінші қабатта 2 дәрісханасы бар. Кешенде мешіт қызметкерлеріне арналған бөлмелері мен асханасы да қарастырылған.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: