31
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти: Дін туралы дұрыс түсінік қалыптастыру керек

Ел іші
Жарнама

Ақтау қаласындағы орталық мешітте өткен жиын барысында ҚМДБ төрағасы  дін туралы дұрыс түсінік қалыптастыру қажеттілігін атап өтті, деп жазады E-islam.kz.

«Біз халыққа дін туралы шынайы мәліметтерді жеткізуіміз керек. Әсіресе, жастарға. Олар көп жағдайда дін  ағымдарға алданып қалады. Мәселен, ер адам әйел, бала-шағасын дін жолында тастап кетеді. Әйел мешітке жылап келіп, имамнан араша сұрайды. Бірақ, Құранда, пайғамбар (с.ғ.с.) сөзінде, шариғатта дін үшін деп, отбасын қараусыз қалдыру туралы ештеңе жоқ» деген ҚМДБ төрағасы бұл әрекеттердің барлығы діни адасушылықтан туындайтынына тоқталды. «Сондықтан, халықтың діни сауатын арттырып, әсіредіншілдік пен фанаттыққа жол бермеу керек. Бұл міндет ең алдымен имамдарға жүктеледі» деді Е.Малғажыұлы.

 

Бөлісу: