07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Зәріпбай Оразбаев: Бес парызды орындауға мүмкіндік жасалған елде бүлік жасау үлкен күнә

Ел іші
Жарнама

Ғұламалар кеңесінің мүшесі Зәріпбай Оразбаев Ислам дініне кеңінен рұхсат берілген, мұсылмандардың емін-еркін құлшылық етіп, мешіт, медреселерде діни білім алуға мүмкіндік жасалған бейбіт заманда бүлік жасау үлкен күнә екенін атап өтті.

«Қазақ елінің тарихында, тіпті, ру аралық қарым-қатынаста діни алауыздық ешқашан болмаған. Ақтөбе қаласындағы лаңкестік – теріс ағым жетегінде жүргендердің әрекеті. Лаңкестік топтардың зұлымдығы «мемлекетке қарсы шығу» деп аталады. Бұл үлкен қателік пен діни сауатсыздық. Мемлекетке қарсы шығудың діни тұрғыдан өзіндік шарты бар. Егер мемлекетте Ислам дініне қатаң тиым салынса, мұсылмандардың құлшылық етуіне мүмкіндік берілмей күш көрсетіліп жатса қарсы шығу әрекеті ақталынады. Ал, Ислам дініне кеңінен рұқсат берілген, мұсылмандардың емін-еркін құлшылық етіп, мыңдаған мешіттермен, ондаған медреселерде діни білім алуға, мұсылмандық бес парызды орындауға барынша жағдай жасалған елде бүлік жасау үлкен күнә. Лаңкестердің бұл әрекеті Әли ибн Әбу Талибтың заманындағы бүлікшілердің ісімен бірдей», –  деді Ғұламалар кеңесінің мүшесі Зәріпбай Оразбаев.

Сонымен қатар, Зәріпбай Оразбаев жиын барысында бейбіт заманда жазықсыз азаматтардың жанын қию Ислам қағидаттары бойынша қатаң қараланып, азғындық деп саналатынан атап өтті.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Бөлісу: