31
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Наиб мүфти Түркия делегациясын қабылдады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Астана қаласында наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркиядағы Бозок университеті иләхият (теология) факультетінің деканы, профессор, доктор Омар Йылмаз бастаған делегацияны қабылдады.

Ресми кездесуге Бас мүфтидің кеңесшісі Қуат Раев, Діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев, Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы қатысты.

Қазақстанға тәжірибе алмасу мақсатында келген делегация мүшелері қазақ пен түрік бауырлас ұлттардың діни саладағы әріптестік байланыстары туралы әңгімеледі.

«Түркия – біз үшін діни саладағы басты әріптес ел. Жуырда Бас мүфтиіміз бастаған қазақстандық делегация Анкара, Ыстамбұл қаласында ресми кездесулер өткізді. Осы сапар екі жақтың діни саладағы байланысына серпін берді деп есептейміз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек», – деді наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. 

 

muftyat.kz 

 

 

Бөлісу: