29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

ҚМДБ Төралқа мәжілісі өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Алматы қаласында бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Мәжіліске ҚМДБ наиб мүфтилері Серікбай қажы Ораз, Наурызбай қажы Тағанұлы, Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, бөлім басшылары, облыстардағы өкіл имамдары қатысты.

Жиында имамдарды аттестациядан өткізу жұмысының қорытындысы тыңдалып, Діни басқарманың қабылдаған құжаттары негізінде дін қызметкерлерінен емтихан алу барысы талқыланды. Сонымен қатар, «Зекет» қорының, Уағыз-насихат, Халал стандарттау, Діни білім және ғылым, Жалпы және жастар, Баспасөз бөлімдерінің жұмысы туралы есеп беріліп, төрт бағыт бойынша (уағыз-насихат, діни сауат ашу, жат ағымдармен жұмыс, қайырымдылық) атқарылған іс-шаралар баяндалды.

«Діни басқарманың діни саладағы жолы айқын, бағыты анық. Осы бағыт бойынша жұмыстарымызды сәт сайын жетілдіруіміз тиіс. Әр қызметкер өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен, ыждаһаттылықпен орындауы керек. ХХІ ғасыр – әрбір дін қызметкері үшін тарихи кезең. Осы тарихи кезеңде бәріміз жоғары деңгейде қызмет етуіміз қажет» деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Айта кетейік, ҚМДБ Төралқа мәжілісі жылына екі рет, қажет жағдайда 3-4 рет өтеді. Мәжілісте мүфтияттың негізгі жұмысы жайлы есеп беріліп, қоғамдағы діни мәселелер жан-жақты талқыланады.



ummet.kz-ақпарат

 

 

Бөлісу: