29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти Түркия Дін істері министрімен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы бастаған қазақстандық делегацияны Түркия Дін істері министрі, профессор Мехмет Гөрмездің қабылдауында болды, деп хабарлайды ҚМДБ Баспасөз қызметі.

Кездесуге ҚМДБ наиб мүфтиі Серікбай қажы Ораз, Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев және бөлім басшылары қатысты.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Мехмет Гөрмезге және оның ұжымына Қазақстандағы діни саладағы игі бастамаларға көрсетіп жатқан қамқорлығы мен әріптестік қарым-қатынас барысындағы қолдаулары үшін алғыс білдірді.

«Расында, қазақ-түрік бір туған – бауырлас халық. Біздің тәуелсіздігімізді ең алғаш мойындаған Түркия екенін әрқашан мақтанышпен айтып жүреміз. Қазір біздің имамдарымыз, шәкірттеріміз Түркиядан білімдерін шыңдап, тәжірибе алмасуда. Діни басқарма қызметкерлері де Сіздердің діни саладағы мол тәжірибелеріңізбен танысуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба беретініне сенімдімін. Сізге және ұжымыңызға үлкен алғысымды білдіремін» деді бас мүфти.

Түркия Дін істері министрі өз кезегінде: «Бұл біздің асыл міндетіміз, борышымыз. Біз қазақ бауырларымызды қолдауға әрқашан дайынбыз әрі мұны мәртебе санаймыз» деді.

Ресми қабылдауда «Хасеки» академиясына қазақстандық дін қызметкерлерінің жаңа легін жіберу, қажетті кітаптарды қазақ тіліне аудару ісін жалғастыру, интернет саласы бойынша жобаларды жүзеге асыру, бірлескен халықаралық конференция ұйымдастыру, т.б. мәселелелер талқыланып, екіжақты қолдау тапты.

Айта кетейік, биыл тұңғыш рет қазақстандық 13 дін қызметкері «Хасеки» академиясын бітіреді.

Кездесу соңында М.Гөрмез ҚМДБ төрағасын Түркияда өтетін І Еуразиялық ғұламалар форумына шақырды.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: