29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

ҚМДБ делегациясы Қажылық департаментінің жұмысымен танысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев бастаған қазақстандық делегация Түркия мұсылмандары діни басқармасы Қажылық жөніндегі департамент ғимаратында болып, оның жұмысымен жан-жақты танысты. Аталған департаменттің әрбір бөлім жұмысымен оның директоры Ремзи Біржан мырза таныстырды.

Бүгінде Түркия бойынша жыл сайын 70 мыңнан астам адам қажылық парызын өтейді. Қажылық пен ұмра сапарын ТМДБ жанындағы Қажылық және ұмра дирекциясы ұйымдастырады.

«Бұл салада 35 жылдық тәжірибесі бар бауырлас елден алатын үлгі көп. Өткен жылдан бастап қажыларымыз үшін елімізден Мәдина, Жидда қалаларына тікелей рейс ашылды. Бұл бағытта жан-жақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Біздің Түркияға келудегі мақсат – бауырлас елдің діни саладағы озық үлгілерін алу», – деді Ғ.Жәдігерұлы.

Айта кетейік, Қажылық департаментінде азаматтарды тасымалдау, қажылардың бірыңғай құжаттар базасы, арыз-шағымдарды қарау, дін қызметкерлерін оқыту бөлімдері жұмыс істейді.


 

 ҚМДБ Баспасөз қызметі

Бөлісу: