07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Пәтер иелері басшыларымен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қолға алынған ақпараттық насихат жұмыстары жалғасуда.

 РАНТ мүшелері ҚМДБ-ның «Шариғат және пәтуа» бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов, дінтанушы Бауыржан Отарбаев және «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Марат Бектазинов Астана қаласындағы бірнеше мекемелерде болды.

Атап айтсақ, Астана қаласы Алматы ауданы әкімдігінде Пәтер иелері кооперативінің басшыларымен кездесті. Алпысқа жуық кісіге жат ағымның алдын-алу, олардың арбауына ілінбеудің жолдарын жан-жақты түсіндірді.

Сонымен қатар, білікті дін мамандары қойылған сұрақтарға жауаптар берді.  Мұнымен қоса, қазақ және орыс тілдерінде сот шешімімен тыйым салынған шетелдік ұйымдардың тізімі жазылған арнайы үнпарақшалар таратылды.


 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: