Дәл осы күні РАНТ мүшелері Астана қаласы әкімдігінде болып, басқарма басшыларымен де кездесті.
Жасыратыны жоқ, соңғы кездері ел ішін ала тайдай бүлдіріп, жаңашылдық әкелмек болған ағымдар қанатын кеңге жайып барады. Ал, аталған ағымның шырмауына түскен бауырларымыз хақ дін мен ағымның арасын ажырата алмай жүргені анық. Діни сауатсыздықтың кесірінен ұлт қауіпсіздігіне де қатер төніп тұр.
Кездесудің де мақсаты осы болды. Халықпен тығыз жұмыс жүргізетін мекеме басшыларына әлемге қауіп төндіріп жатқан теріс бағыттағы ағымдардың сан қырлы айла-әрекеттерінің зияндылығын айтып, олардан абай болуға шақырды.Сондай-ақ, жихад деп ұрандап жүргендердің әрекетінің дұрыс еместігін айқын әшкерелейтін деректі фильм көрсетілді.
Мұнан өзге РАНТ мүшелері «Экспо-Базис А» және «Абу Даби Плаза» құрылысының алаңдарындағы құрылысшылармен кездесіп, теріс ағымның зияндылығын баяндады.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі