ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Маңғыстау сапарында орталық коммуникациялар қызметінің аймақтың филиал алаңында брифинг өткізді, деп хабарлайды Маңғыстау орталық мешітінің баспасөз қызметі.
БАҚ өкілдерімен өткен кездесуге наиб мүфти Серікбай Ораз, өкіл имам Смайыл Сейтбеков, облыстық Дін істері басқармасының басшысы Ерлан Есбергенов қатысты. Журналистер жиын барысында еліміздегі діни ахуал жайында сауалдар қойып, қоғамдағы дінге қатысты өзекті мәселелерді сөз етті. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бүгінгі таңдағы мүфтият тарапынан жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып өтіп, болашақ жоспарларымен бөлісті.
ummet.kz-ақпарат